Қарағанды қаласында орналасқан Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5451 әскери бөлімінде сарбаздардың ата-аналарына арналған ашық есік күні өтті.
Іс-шараның мақсаты – ата-аналарға ұлдарының әскери өмірімен танысуға мүмкіндік беру. Келушілер казармаларды аралап, сарбаздардың күнделікті тұрмыс-тіршілігін, оқу-жаттығу барысын және бөлімнің материалдық базасын көрді.
Бөлім командирі ата-аналармен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, сарбаздар саптық дайындық пен атыс машығынан көрініс көрсетті.
Ата-аналар өз ұлдарының әскери қызметін өз көзімен көріп, мақтаныш сезімін білдірді. Мұндай іс-шаралар сарбаз бен отбасы арасындағы байланысты нығайтып, патриоттық рухты арттырады.
ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметі