Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6505 әскери бөлімінде колледж студенттеріне арналған ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарға әскери қызметтің ерекшеліктерін таныстыру, патриоттық рухты қалыптастыру және болашақ сарбаздарды әскери өмірмен жақыннан таныстыру болды.
Аталған шараға қаладағы колледждердің студенттері қатысып, әскери бөлімнің тыныс-тіршілігімен танысты. Қонақтарға әскери қызметшілердің күнделікті өмірі, жауынгерлік дайындық барысы, сондай-ақ әскери техникалар мен қару-жарақ үлгілері көрсетілді.
Бағдарлама барысында студенттерге саптық дайындық элементтері көрсетіліп, қару-жарақты қолдану тәртібі түсіндірілді. Сонымен қатар, әскери қызметшілер арнайы көрсетілімдер өткізіп, өздерінің кәсіби шеберліктерін паш етті.
Іс-шара аясында студенттер әскери бөлім аумағын аралап, казарма, асхана және басқа да нысандармен танысты. Олар әскери қызметшілердің тұрмыс жағдайын өз көздерімен көріп, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды.
Ашық есік күні студенттердің ерекше қызығушылығын тудырып, олардың әскери қызметке деген көзқарасын нығайтты. Мұндай шаралар жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта да осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жалғасын табады.
ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметі
