6505 әскери бөлімі жаңа медициналық құрылғылармен толықты

Әскердің әлеуеті сарбаздардың қолында. Сондықтан да бүгінгі күнде сарбаздардың денсаулығы маңызды. Бүгінде әскердегі сарбаздардың денсаулығы үшін көптеген жұмыстар жасалуда. Мәселен, ағымдағы жылдың 24 ақпан күні Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6505 әскери бөлімі Қарағанды облысы әкімінің қолдауымен жаңа медициналық құрылғылармен толықты.

Олардың қатарында, «Аксион» атты электокардиограф құрылғылары және биохимиялық және иммунотурбидиметриялық автоматты анализаторда бар. Әскери бөлімге жаңадан әкелінген құрылғылар, арнайы Теміртау қаласында орналасқан №4 поликлиникадан әкелінді. Қазіргі таңда мамандардың айтуы бойынша бұл жаңа құрылғылар кез-келген ауруды ерте сатыда анықтап, оның алдын алуына өз көмегін тигізеді дейді мамандар. Алдағы уақытта аталмыш медициналық құрылғылар, 6505 әскери бөліміндегі лабараторияға орналастырылып, әскери қызметшілер үшін жұмыс жасайтын болады.  

ҚР ІІМ ҰҰ «Орталық» ӨңҚ Баспасөз қызметі 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *