Ұлттық ұланның 6505 әскери бөлімінде әскери қызметшілерге қазақ тілі бойынша B1 деңгейіндегі сертификаттарды табыстау рәсімі өтті.
Аталған сертификаттар мемлекеттік тілді меңгеру мақсатында ұйымдастырылған арнайы курстарды аяқтап, қорытынды емтиханды сәтті тапсырған әскери қызметкерлерге берілді. Оқу барысында қатысушылар қазақ тілінің грамматикасын меңгеріп, ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын жетілдірді. Сонымен қатар күнделікті қызмет барысында қолданылатын кәсіби терминдер мен ресми іс қағаздарын жүргізу ерекшеліктері де оқытылды.
Іс-шара барысында әскери бөлім басшылығы мемлекеттік тілді білу – әрбір әскери қызметшінің кәсіби дамуының маңызды бөлігі екенін атап өтті. Қазақ тілін меңгеру әскери ортадағы өзара түсіністікті нығайтып, қызметтік міндеттерді тиімді әрі сапалы орындауға мүмкіндік беретіні айтылды.
Шара соңында емтиханды сәтті тапсырған әскери қызметшілерге B1 деңгейіндегі сертификаттар табысталып, естелік суретке түсу рәсімі ұйымдастырылды.
ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметі
