6505 әскери бөлімінің әскери оркестрі Наурыз мерекесіне орай мерекелік концерт ұйымдастырды

Наурыз мейрамы қарсаңында Қарағанды қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6505 әскери бөлімінің әскери оркестрі қала тұрғындарына ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады. Ұландықтар Қарағанды қаласындағы Алтын Арба сауда үйі ғимаратында арнайы концерттік бағдарлама ұсынып, көрермендерге әсерлі музыкалық қойылым көрсетті.

Іс-шара барысында әскери оркестрдің орындауында ұлттық және заманауи музыкалық шығармалар шырқалып, мерекелік атмосфера қалыптасты. Оркестр музыканттары өз өнерлерімен жиналған көрермендерді тәнті етіп, Наурыз мейрамының шаттыққа толы көңіл күйін сезінуге мүмкіндік берді.

Концерттік бағдарлама барысында әскери қызметшілер көрермендермен еркін тілдесіп, балалар мен қала тұрғындарына тәттілер таратып, мерекелік көңіл күй сыйлады. Әсіресе, оркестрдің өнеріне тамсанған балалар мен ата-аналар ұландықтарға алғыстарын білдірді.

Ұлттық дәстүр мен бірліктің символына айналған Наурыз мерекесі – жақсылық пен жаңарудың мейрамы. Осы орайда ұйымдастырылған мұндай мәдени іс-шаралар халық пен әскери қызметшілер арасындағы байланысты нығайтып, қоғамда достық пен бірлікті дәріптеуге өз үлесін қосуда.

6505 әскери бөлімінің әскери оркестрі алдағы уақытта да қала тұрғындары үшін осындай мерекелік іс-шараларды ұйымдастырып, халыққа көтеріңкі көңіл күй сыйлауды жалғастыра бермек.

ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметі