6505 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Қарағандылық жас ақын Ерік Нарынмен кездесті

2025 жылғы маусым айында Қарағанды қаласында орналасқан Ұлттық ұланның 6505 әскери бөлімінде ерекше рухани кездесу өтті. Бұл жолы бөлімнің әскери қызметшілері жергілікті жас ақын, Қарағанды өңірінің шығармашылық жұлдызы Ерік Нарынмен жүздесті.

Кездесудің мақсаты – жас сарбаздардың рухани дүниесін байытып, әдебиет пен поэзия арқылы ұлттық сана-сезімдерін ояту, отансүйгіштік қасиеттерін арттыру болды. Ерекше форматта өткен басқосуда Ерік Нарын өзінің жүрек тебірентер өлеңдерін оқып, шығармашылық жолы, шабыттың қайнар көзі, қазіргі қазақ поэзиясының бағыты туралы әңгімеледі.

Жас ақынның сөздері мен жырлары сарбаздарға ерекше әсер қалдырды. Ол отан, ана, ерлік, туған жер туралы тақырыптарды қозғап, әрбір өлең жолында ұлт рухын жеткізе білді. Сондай-ақ, жастарға шабыт беріп, арман мен мақсаттың маңыздылығы туралы өз ойымен бөлісті.

Кездесу барысында әскери қызметшілер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасты. Шара соңында бөлім басшылығы Ерік Нарынға алғыс айтып, оның шығармашылығына табыс тіледі.

Мұндай кездесулер әскери ортада рухани мәдениетті дамытуға, сарбаздардың дүниетанымын кеңейтіп, оларды адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеуге зор ықпал етеді. 6505 әскери бөлімінде алдағы уақытта да осындай танымдық іс-шараларды дәстүрлі түрде өткізу жоспарланып отыр.

ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *