80 жылдыққа 80 шақырым

Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына орай «Астана» өңірлік қолбасшылығы 31775 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Тимур Ержанов 80 шақырым жүгірді. Марафон қаза болған батырларды еске алуға және ардагерлерді құрметтеуге арналды.

Жүгіруші Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Шешенқара ауылынан басталып, өзінің әскери бөлімінде мәреге жетті.

7 сағат 21 минут 11 секундқа созылған жүгіру кезінде Тимур Ержановты әрбір 10 шақырым сайын қызметтестері қолдады. Бірақ негізгі қашықтықты ол жалғыз жүріп өтті.

– Мен көптен бері жүгіруге қызығамын, марафондарға жиі қатысамын. Биыл Жеңістің 80 жылдығына орай 80 шақырымға жүгіруге шешім қабылдадым. Бұл менің қаза болғандарды еске алу және ардагерлерге алғыс білдіру тәсілім. Мен қолбасшылыққа қолдау көрсеткені және осындай жылы кездесу үшін алғыс айтамын, – деді Тимур Ержанов.

Әскери қызметші 80 шақырыммен ғана шектелмейтінін және жақын арада 200 шақырымды – туған жері Жаңаарқадан Қарағандыға дейін жүгіруді жоспарлап отырғанын айтты.

Марафоншыны қолдауға оның отбасы да келді. Тимур мен жұбайы Жанар екеуі үш бала асырап отыр.

Ерік РЫМҒАЛИЕВ

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *