✅Бүгінгі таңда Қазақстанда жас буынды мемлекеттік басқару жүйесіне тарту бағытында бірқатар ауқымды бағдарламалар мен бастамалар жүзеге асырылып келеді. Бұл – мемлекет пен қоғамның болашағына салынған инвестиция.
✅Мәселен, Қарағанды облысында табысты жүзеге асырылып келе жатқан жобалардың бірі – «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі».
✅Бұл жоба – мемлекеттік қызметке бет бұрған жастар үшін үлкен мүмкіндік алаңы.
✅Жоба аясында жастар мемлекеттік басқару жүйесінің құрылымымен, мемлекеттік органдардың жұмыс ерекшеліктерімен танысады, тәжірибелі мамандар мен жетекші сарапшылар өткізетін тренингтерге қатысады.
✅Сонымен қатар қатысушылар жобалық басқару, коммуникация, құжаттамамен жұмыс істеу, мемлекеттік саясатты талдау сияқты негізгі құзыреттерді меңгереді.
✅«Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» жастардың кәсіби бағдарын айқындап қана қоймай, болашақ кадрлық резервті қалыптастыруға ықпал етеді.
