Тіл – ұлттың жаны

Тіл –  ұлттың жаны. Ал ұлттың жанына құрмет – Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктің белгісі. Сондықтан «Қазақ тілін білгенің – өз еліңді сүйгенің» деген сөз – жай ұран емес, әр азаматтың жүрегіне жүктелген жауапкершілік.

2026 жылдың ақпан айының 23-і күні «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ «Көлік, логистика және инженерлік экономика» факультетінің «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Қ.С.Қалыбекованың басшылығымен және жауапты оқытушылар Л.М.Кулейменова,                               М.Т.Оспангалиева, Н.А.Конурова кафедраның тәрбие жұмысы жоспары бойынша «Қазақ тілін білгенің – өз еліңді сүйгенің» тақырыбында өзге ұлт өкілдері І-курс студенттерінің арасында факультетаралық пәндік олимпиада ұйымдастырып өткізді.

Олимпиаданың мақсаты өзге ұлт өкілдері студенттерінің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау, сауатты жазу мен дұрыс сөйлеу дағдыларын жетілдіру, тілге деген құрмет пен сүйіспеншілікті қалыптастыру, Отансүйгіштікке тәрбиелеу, ұлттық сана-сезімді нығайту.

Олимпиаданың екі кезеннен тұрды. Эссе жазу. Ұсынылған эссе тақырыптары бойынша әр қатысушы бір тақырыпты таңдап, эссе жазды.

Және жағдаяттық тапсырмалар орындау. Сөйлесім тақырыптары таңдалып алынып, бір-бірімен сұхбаттасты, суретпен жұмыс жасау барысында өз ойларын сауатты, ашық, сипаттап жеткізу негізінде жұмыстар жүргізілді.

Олимпиада қорытындысы бойынша аталған екі кезеңде үздік нәтиже көрсеткен студенттер марапатталды.

 «Ең әсерлі сөйлесім» аталымы бойынша:

І-орын – МД-25-3 тобының студенті Перевалова Ксения (жетекшісі: Г.С.Байпелова),

ІІ-орын – ЭЭ-25-3 тобының студенті Никулин Роман (жетекшісі: К.К.Нуржанова),

ІІІ орын – ГиК-25-2 тобының студенті Мадаминов Иброхим (жетекшісі: К.М.Хамзина),

«Үздік эссе» аталымы бойынша

І-орын – ЭП-25-2 тобының студенті Мачкалян Лаура (жетекшісі: Н.Т.Нығметова),

ІІ-орын – С-25-4 тобының студенті Андрющенко Валерия (жетекшісі: Г.Қ.Сағатова),

ІІІ-орын – СИБ-25-2с тобының студенті Меньшагин Андрей (жетекшісі: А.Д.Беккулова).

Олимпиадаға белсене қатысқан Лог-25-3 тобының студенті Керимов Карим (жетекшісі: А.Ж.Жалдыбаева); ИС-25-2с тобының студенті Гунькина Ксения (жетекшісі: А.Б.Біраяқ) Алғысхатпен марапатталды.

Жалпы алғанда, біз жаһандану дәуірінде өмір сүріп жатқандықтан әлемнің бірнеше тілін меңгеру – заман талабы. Қазақ тілін жетік меңгерген адам өзге тілдерді де сенімді үйрене алады. Осындай шараларды ұйымдастырып өткізу – жастардың тілдік білімін, сауатты жазу мен дұрыс сөйлеу дағдыларын жетілдіру, Қазақ халқының мәдениеті, тарихы мен рухани құндылықтарын насихаттау барысында дарынды, қабілетті жастарды анықтап, олардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамытуларына қолдау көрсету.

Бүгінде қазақ тілі қоғамның барлық саласында кеңінен қолданылуы тиіс. Білім мен ғылымда, мемлекеттік басқаруда, ақпарат кеңістігінде қазақ тілінің үстемдігі – елдігіміздің айғағы. Бұл – бір ғана мемлекеттің емес, әрбір қазақстандықтың ортақ міндеті. Тілді дамыту – заңмен ғана емес, жанашырлықпен жүзеге асатын іс.

Нұргүл ҚОҢЫРОВА,

Меңдікүл ОСПАНҒАЛИЕВА,

Лайла КҮЛЕЙМЕНОВА,

«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті»

Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының аға оқытушысы,

педагогика ғылымдарының магистрі