Геологиядағы математиканың маңызы

Геоматематика – геологиялық есептерге математикалық әдістерді қолданатын тұтас сала. Геологиялық зерттеулер кезінде жиналған үлкен көлемдегі мәліметтерді (жыныс құрамы, кен мөлшері, координаттар) математикалық әдістер арқылы дәл талдауға мүмкіндік береді.

2026 жылдың 6 наурызында «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ «Жоғары математика» кафедрасының профессор-оқытушы құрамы мен «Geotek» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Мыңбаев Медет Бағдатұлы арасында достық кездесу өтті. Отырыста бәсекеге қабілетті кадрларды даярлауды жетілдіру, білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайту, ғылыми-педагогикалық және мамандандырылған салалардағы магистрлік бағдарламалар арқылы қызметкерлерді дамыту мүмкіндіктері, сондай-ақ заманауи басқару технологиялары мен бизнес-процестері бойынша курстар арқылы біліктілігін арттыру мәселелері қаралды. «Geotek» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз кезегінде, университет студенттеріне кейін жұмысқа орналасу мүмкіндіктері бар өндірістік тәжірибені ұсынуға дайын.

Кездесу өзара түсіністік пен келісім жағдайында өтті. Геологтар тек ресурстарды ғана емес, білімді, тарихты және болашақты іздейтін адамдар.

Математиктер – математика саласында дәріс беріп, ғылыми зерттеулер жүргізіп, ғылымның дамуына үлес қосып, еңбектер жариялап, шәкірттерге білім беріп, атақ-даңққа ие болған көрнекті ғалымдар.

Математиктер мен геологтар бір-бірімен тығыз байланысты: геологтар жердегі процестерді модельдеу, кен орындарының көлемін есептеу және деректерді талдау үшін математиканы пайдаланады. Кристолография мен геофизикада геологиялық құрылымдар мен құбылыстарды сандық сипаттау үшін де математика өте қажет.

Әріптестер алдағы уақытта көптеген бірлескен бастамалар мен жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Гүлназира ШАИХОВА,

«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті»

«Жоғары математика» кафедрасының т.ғ.к.,

қауымдастырылған профессор