Header Banner

Шетелдегі қазақстандықтар дауыс беруді бастады

Шетелдегі учаскелердің ашылуы туралы  Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары  Арман Исетовтің хабарламасы

Референдум кезінде 54 елде орналасқан 71 референдум учаскесі жұмыс атқаратын болады.

Әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне орай және азаматтарымыз санының төмен болуына байланысты, 10 елдегі 11 учаске ашылмайды (Иран, Израиль, Иордания, Қатар, БАӘ (2 учаске), Оман, Ливан, Кувейт, Украина және Эфиопия).

Шетелдегі дауыс беретін қазақстандықтардың жалпы саны 14 380 адамды құрады.

Референдум учаскелерінде дауыс беру Астана уақытымен таңғы сағат 03:00-де Токио және Сеул қалаларында басталды. 08:00-ге дейін жалпы 23 референдум учаскесі ашылып, оларға келіп дауыс бергендер саны 198 адамды құрады.

Ең соңғы ашылып, жабылатын референдум учаскесі АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында орналасқан. Бұл учаске Астана уақытымен бүгін сағат 19:00-де ашылады және 16 наурызда сағат 08:00-де жабылатын болады.

Дауыс бергендердің саны бойынша ақпарат түске дейін әр 2 сағат сайын, ал түстен кейін әр сағат сайын жаңартылып тұрады.