Қарағанды қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6505 әскери бөлімінің әскери қызметшілері республикалық референдумға белсенді қатысып, өз азаматтық таңдауларын жасады.
Маңызды қоғамдық-саяси науқан аясында әскери бөлімнің жеке құрамы белгіленген дауыс беру учаскесіне барып, ел болашағына қатысты өз пікірлерін білдірді. Дауыс беру барысында әскери қызметшілер жоғары ұйымшылдық пен азаматтық жауапкершілік танытты.
Аталған шараға «Орталық» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының міндетін уақытша атқарушы полковник Ильяс Сагандыков та қатысып, 6505 әскери бөлімінің сарбаздарымен бірге өз таңдауын жасады. Ол референдумның ел үшін маңызы зор екенін атап өтіп, әрбір азаматтың белсенділігі мемлекет дамуы үшін маңызды екенін жеткізді.
Референдум күні әскери бөлімде қоғамдық тәртіп пен ұйымдастыру жұмыстары жоғары деңгейде қамтамасыз етілді. Әскери қызметшілер заң талаптарына сәйкес дауыс беріп, өздерінің азаматтық борыштарын орындады.
Осылайша, Ұлттық ұлан сарбаздары ел өміріндегі маңызды саяси науқанға белсенді қатысып, Отан алдындағы жауапкершіліктерін тағы бір мәрте дәлелдеді.
ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметі
