Қаржылық сауаттылық – қауіпсіз болашақ кепілі

Қазіргі цифрлық заманда қаржылық алаяқтықтың түрлері көбейіп келеді. Соның ішінде ең қауіптілерінің бірі – қаржылық пирамида және интернет алаяқтық. Бұл алаяқтар адамдардың сенімін пайдаланып, оңай табыс уәде етеді немесе жеке деректерін ұрлауға тырысады.

Сақтық – қаржылық қауіпсіздіктің басты кепілі. Әр студент ақпаратты дұрыс бағалап, алаяқтардың арбауына түспеуі керек. Есіңізде болсын: шынайы табыс еңбек пен білім арқылы келеді.

«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының ЛОГ-25-2, ЛОГ-25-2с тобының кураторы Қ.Қ.Нұржанова 2026 жылдың 16 наурызында «Құқықтық мәдениет негіздері» білім беру курсының жоспарына сәйкес топ студенттеріне кураторлық сабақта «Қаржы пирамидасы, алаяқтық, интернет-алаяқтық» тақырыбына пікірталас өткізді.

Мақсаты:

  1. Студенттерге қаржы пирамидасы мен интернет-алаяқтықтың түрлері туралы түсінік беру;
  2. Қаржылық сауаттылықты арттыру;
  3. Алаяқтықтан сақтану жолдарын талқылау арқылы сыни ойлау қабілетін дамыту;
  4. Жеке деректердің қауіпсіздігін сақтауға үйрету;
  5. Студенттердің пікір білдіру және дәлелдеу дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:

  1. Қаржылық пирамиданың белгілерін анықтау;
  2. Интернет-алаяқтықтың алдын алу жолдарын қарастыру;
  3. Нақты мысалдар арқылы қауіп-қатерді түсіндіру;
  4. Топтық талқылау барысында өз ойын еркін жеткізуге дағдыландыру;
  5. Қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.

Қаржылық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру – әрбір студенттің саналы таңдауы. Үнемі білім алып, сақтық шараларын сақтаған жағдайда алаяқтықтың алдын алуға болады.

Студенттер қаржылық пирамида мен интернет алаяқтарының басты нысанасына айналуы мүмкін. Сондықтан келесі ережелерді сақтау өте маңызды:

  1. Қаржылық сауаттылықты арттыру. Ақша, инвестиция, несие туралы негізгі білімді меңгеру; Қаржылық қауіпсіздік жөнінде ақпарат оқу.
  2. Күмәнді ұсыныстарға сенбеу. «Тез байытамын», «Кепілдендірілген табыс» деген сөздерге сақ болу; Қысым жасайтын адамдардан бас тарту.
  3. Жеке деректерді қорғау. Банк картасының мәліметін, құпия сөзді, SMS-кодты ешкімге бермеу; Белгісіз сілтемелерге кірмеу.
  4. Ақпаратты тексеру. Компанияның ресми тіркелгенін қарау; Ресми сайттар мен сенімді дереккөздерді пайдалану.
  5. Асығыс шешім қабылдамау. Ақша салмас бұрын жақындарымен немесе мамандармен кеңесу; Ұсынысты мұқият зерттеу.
  6. Интернет қауіпсіздігін сақтау. Күшті құпия сөз қолдану; Екі факторлы қорғауды қосу; Бейтаныс адамдарға жеке ақпарат жібермеу.

Ақпаратты тексеру, жеке деректерді қорғау және күмәнді ұсыныстарға сенбеу арқылы сіз өз қаражатыңызды және жеке қауіпсіздігіңізді сақтай аласыз.

Алданбаудың басты жолы – сақтық пен қаржылық сауаттылық. Әр студент өз қауіпсіздігіне жауапты болып, күмәнді әрекеттерден аулақ болуы тиіс. Есіңізде болсын: шынайы табыс еңбекпен келеді, ал тез пайда уәделері көбіне қауіп төндіреді.

Гүлназира ШАИХОВА

«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті»

«Жоғары математика» кафедрасының т.ғ.к., қауымдастырылған профессоры