Заманауи қоғамның қорғанысы

Қазіргі қоғамда ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты алаяқтық әрекеттер де көбейіп келеді. Интернет, әлеуметтік желілер және ұялы байланыс арқылы адамдарды алдап, олардың жеке мәліметтері мен ақшасын иемдену жағдайлары жиі кездеседі. Сондықтан әрбір адам алаяқтардан қорғанудың негізгі жолдарын біліп, ақпараттық қауіпсіздік ережелерін сақтауы тиіс.

Алаяқтардан қорғанудың ең басты негізі – ақпараттық сауаттылық. Адамдар интернетте немесе телефон арқылы келген күмәнді хабарламаларға бірден сенбеуі керек. Әсіресе белгісіз нөмірлерден келген хабарламаларда банк картасының нөмірі, құпия код немесе жеке мәліметтер сұралса, мұндай ақпаратты беруге болмайды. Өйткені алаяқтар көбінесе адамдардың сеніміне кіріп, сол арқылы алдауға тырысады.

Қазіргі цифрлық дәуірде ақпарат – ең құнды ресурстардың бірі. Мемлекеттік мекемелер, банктер, білім беру ұйымдары және ірі компаниялар өздерінің ақпараттық жүйелерін қорғауға ерекше көңіл бөледі. Сондықтан ақпараттық қауіпсіздік жүйесі мамандығы қазіргі таңда ең сұранысқа ие және болашағы зор мамандықтардың қатарына жатады.

Ақпараттық қауіпсіздік мамандары компьютерлік жүйелерді, желілерді және маңызды деректерді киберқауіптерден қорғайды. Олар зиянды бағдарламаларды анықтап, ақпараттың заңсыз таралуының алдын алады. Сонымен қатар жаңа қауіпсіздік технологияларын енгізіп, жүйелердің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Бұл мамандық үлкен жауапкершілікті, білімді және логикалық ойлау қабілетін талап етеді.

Егер сіз технологияға қызығатын, компьютерлік жүйелермен жұмыс істеуді ұнататын және жаңа білім алуға дайын болсаңыз, онда ақпараттық қауіпсіздік жүйесі мамандығы сіз үшін дұрыс таңдау болуы мүмкін. Бұл салада білім алған жастарға жұмыс табу мүмкіндігі жоғары, сонымен қатар кәсіби тұрғыдан дамуға да кең мүмкіндік бар.

Ақпараттық қауіпсіздік саласын меңгеру арқылы сіз тек өз болашағыңызды ғана емес, қоғамның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де үлес қоса аласыз.

Осы перспективалы мамандық бойынша білім алғыңыз келсе, сізді «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ   шақырамын.  Уақытыңызды босқа жібермеңіз! Болашағы бар, сұранысқа ие мамандықты таңдаңыз!

Нұргүл ҚОҢЫРОВА