Қарағанды облысы прокуратурасының бастамасымен «Таза Сенім» жобасы іске қосылды. Жоба «Құқықтық тәртіп – өзімнен басталады» қағидаты негізінде жүзеге асырылуда.
Бастаманың мақсаты — азаматтардың өтініштерін қарау сапасын арттыру. Жоба нақты іске бағытталған: мемлекеттік органдарға әдістемелік көмек көрсетіледі, халықпен жұмыс істеуде тиімді әрі түсінікті тәсілдер енгізіледі.
