| Ауқымды республикалық деңгейде ұйымдастырылатын бұл іс-шара елді мекендерді көркейтіп, көшелер мен аулаларды абаттандыру арқылы айналамызды ажарландыра түседі.
| Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» әрбір азаматтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, табиғатты аялауға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
| Бұл – болашақ ұрпаққа таза әрі қауіпсіз орта қалдыру жолындағы ортақ қадам, табиғат пен адам арасындағы үйлесімділікті сақтауға шақыратын маңызды қозғалыс.
