«ҚЫЗМЕТ. АБЫРОЙ. БОЛАШАҚ»: ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ АДАЛДЫҚ ПЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында «Қызмет. Абырой. Болашақ» атты форум өткізілді.
Іс-шараға құқық қорғау органдарының және соттың өкілдері, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры Серікжан Байбосынов, полиция ардагерлері, Академия оқытушылары мен курсанттары қатысты.
Форумның негізгі мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дәріптеу, заңдылық пен адалдық қағидаттарын нығайту, жасанды интеллект құралдарын қолдану болып бекітілді.
Іс-шара барысында Департамент басшысының орынбасары Бахтияр Макеев қатысушылар алдында сөз сөйлеп, құқық қорғау саласындағы ашықтықты қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болашақ ІІМ қызметкерлері арасында адалдық мәдениетін қалыптастыру бағытындағы негізгі басымдықтарға тоқталды.
Форум аясында құқық қорғау органдары мен Академия өкілдері жасанды интеллект мүмкіндіктері, цифрландырудың құқық қорғау жүйесіндегі рөлі бағытында пікір алмасты.