Жұмыссыздар мемлекет есебінен еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықты оқи алады. Қарағанды облысы бойынша мансап орталықтарында қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға өтінімдер қабылдануда.
«Мамандықтар тізімі жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша қалыптастырылады. Қысқа мерзімді курстарды аяқтағаннан кейін қатысушы тұрақты жұмыс орнына орналасады», – деп хабарлайды Еңбек ұтқырлығы орталығы.
Ең сұранысқа ие мамандықтар тізіміне тәрбиешінің көмекшісі, іс жүргізуші, бухгалтер-кассир, бағдарламашы, темір ұстасы, шаштараз, массажист, наубайшы, кондитер, аспаз, тігінші, білдекте істейтін жұмысшы, қырнаушы және т. б. кіреді. Оқыту білім беру ұйымдарында немесе кәсіпорындар жанындағы оқу орталықтарында жүргізіледі. Курстардың ұзақтығы — 3 айдан 6 айға дейін. Қатысушыларға шәкіртақы төленеді.
Қосымша ақпаратты келесі телефон арқылы алуға болады: (8-7212) 996-406, 996-393, 8-775-644-35-80 (WhatsApp), сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша мансап орталықтарына жүгінуге болады.