Жалпы халық сайлаған Парламент те елдің үнін жеткізеді, Құрылтайдың қажеті қанша деген сауал тууы заңды. Белгілі бір салада сарапшы деңгейіне көтерілген тұлғалардың барлығы бірдей Парламентке баруды көздемейді.
Президент сондай ақ, министрлер мен әкімдерді де үнемі қабылдайды, дегенмен әкімдердің өз шындығы бар.
Содан болар, Президент ел ішіндегі жағдайды Ұлттық құрылтай мүшелерінің аузынан естуді құп көреді.
Ұлттық құрылтай – елдің үнін Президентке тікелей жеткізетін жалғыз алаң.
Ел ішінде жүрген азаматтар өңірдегі мәселелерді Мемлекет басшысына өздері баяндайды.
Құрылтайда көтерілген мәселелер міндетті түрде назарға алынады.
Ұлттық құрылтайдың ерекшелігі осында.
Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда «Өнер, мәдениет, руханиат» секциясын Аида Балаева, Азаматтық қоғам секциясын президенттің көмекшісі Руслан Желдібай жүргізді. «Әлеуметтік-экономикалық және аймақтық даму» секциясын Тамара Дүйсенова, Білім мен ғылым» секциясын Нұрбек Саясат жүргізді.
Қаңтар айында Астанада Құрылтайдың жұмыс отырысы өткен. Мен вице-премьер Тамара Дүйсеноваға 7 ұсыныс жасадым. Атырауда Тамара Қасымқызы сол ұсыныстарымызға жауап берді.
Бүгінде 17-20 жастағы балалар 1 грамм есірткі таратқаны үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуда. Оларды аптасына 200 мың (шамамен) теңге қаржы табу қызықтырған. Баланың алданғаны есепке алынбайды. Ұсталса жаза қатаң.
Қазіргі таңда Қазақстанда есірткі тасымалдаған «закладчик» 14 жастағы бала жазасын өтеуде.
«Закладчик» деген – әр жерге есірткі қалташасын жасырып, қойып кететіндер. Ол үшін олар ақша алады. Бұл іске қылмыскерлер жастарды тартады.
Егер есірткі грамы көп болса, ұйымдасқан топ екені дәлелденсе «закладчик» 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
Сол себепті ата-аналар баласының немен айналысатынын, қаржыны қалай табатынын бақылаған жөн. Себебі жас баланы алдап көндіру, мол қаржымен қызықтыру оңай. «Закладчиктер» ұсталғанымен, шортандар әдетте құтылып кетіп жатады. Барлық жауапкершілік қылмыс үстінде ұсталған адамға жүктеледі.
Ұлттық құрылтайда танымал адвокат Айман Умарова осы мәселені Президентке баяндады.
«Прошу обратить внимание на то, что в основном к уголовной ответственности привлекаются не источники и реальные сбытчики наркотиков, а те, что является посредником или занимающиеся доставкой лица. Молодые люди 17-20 лет получают большие сроки лишения свободы на 1 грамм, тогда как источник поставки не найден».
Айман Мұратқызы кезінде тергеуші болған, бүгінде зорлыққа ұшыраған балалар мен әйелдерді қорғайтын адвокат. Ол осы санаттағы 40-тан аса іске қорғаушы ретінде қатысқан . Оның 12-сі өз қызын зорлаған әкелерге қатысты.
Адвокат Президент жанындағы Әйелдер істері және демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның қолдауымен «One-Stop-Service» атты жобаны жүргізіп отыр. Ол зорлыққа ұшыраған әйелдер мен балаларға көмек көрсетеді.
«Нужна тюремная реформа. Более того, при освобождении от наказания на условно-досрочно, замену неотбытой части наказания на более мягкий вид, а также по отсрочке наказания женщинам, имеющих несовершеннолетних детей действует судейская дискреция, то есть суд действует по своему усмотрению, что приводит к коррупции и дискриминации. Уголовно-исполнительный кодекс подлежит изменению с учетом международных норм и наших реалий», деген Айман Мұратқызының ұсыныстарын Президент мұқият түртіп алғанын көрдік. Өз сөзінде Мемлекет басшысы бұл ұсыныстарға бірнеше рет тоқталып, Үкіметке тапсырма берді.
Ләззат ҚОЖАХМЕТОВА,