Ханзада Уильям британдық шоуда Қазақстанды мақтады

Ұлыбритания ханзадасы Уильям Қазақстанда киіктердің саны қайта көбейгенін атап өтіп, жануарларды қорғауға бағытталған жұмыстарға оң бағасын берді. Ол бұл туралы танымал британдық The Graham Norton Show телебағдарламасында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ханзаданың айтуынша, бұған дейін жойылып кету қаупі төнген киіктердің саны қазір айтарлықтай артқан. Ол мұны Қазақстан үкіметінің қолдауымен және жануарларды қорғау шараларымен байланыстырды.

«Киіктер жойылып кетудің алдында тұрған еді, ал қазір олардың саны қайтадан өте көп. Бұған Қазақстан үкіметінің бұл жануардың ел мен табиғат үшін маңызын түсініп, жобаны толық қолдауы мүмкіндік берді», деді ханзада.

Еске салайық, Алматыда салмағы 1 тонна болатын киік мүйізі аукционға шығарылды. Лоттың бастапқы бағасы – 1,227 млрд теңге. Ал саудаға қатысу үшін 184 млн теңгеден астам кепілдік жарна төлеу қажет.

https://egemen.kz/news/hanzada-uilyam-britandyq-shouda-qazaqstandy-maqtady