Қарағанды қаласындағы Достық үйінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6505 әскери бөлімінің 2-2025 шақырылым сарбаздарын ұлықтау кеші салтанатты түрде өтті.
Тағылымы мол шараның басты мақсаты – Отан алдындағы әскери борышын абыроймен өтеп жүрген сарбаздарға құрмет көрсету, олардың бойындағы патриоттық рухты көтеру және болашаққа деген сенімін нығайту.
Салтанатты кеш барысында әскери қызметте үздік көрсеткіштерімен көзге түскен сарбаздарға ерекше құрмет көрсетілді. Сонымен қатар 40-қа жуық сарбазға жоғары оқу орындарында білім алуға арналған арнайы білім гранттары табысталды.
Бұл – Отан алдындағы азаматтық міндетін адал атқарған жастарға жасалған үлкен қолдау әрі олардың болашақта сапалы білім алып, кәсіби маман ретінде қалыптасуына берілген мүмкіндік.
Айта кету керек, Ұлттық ұлан қатарындағы әскери қызмет тек әскери тәртіп пен жауапкершілікті ғана емес, сонымен қатар жас ұрпақтың тұлғалық дамуына, білімге және болашаққа деген ұмтылысына жол ашады.
Салтанатты кеш сарбаздарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, олардың әскери қызмет кезеңіндегі жарқын сәттерінің біріне айналды.
ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметі
