«Сарыжайлау» кинотеатры Әбілқас Сағынов атындағы ҚТУ-мен бірлесіп «Академик Қ. И. Сәтбаев – көрнекті ғалым және ғылымды ұйымдастырушы» атты дөңгелек үстел өткізді. Кездесу атақты геолог және қоғам қайраткерінің 125 жылдығына арналды.
Оған Әбілқас Сағынов атындағы ҚТУ және Академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ оқытушылары, сондай-ақ инновациялық технологиялар факультеті мен техникалық университеттің сәулет-құрылыс факультетінің бірінші курс студенттері қатысты.
– Біз әлемге әйгілі ғалымның шығармашылық және ғылыми мұрасын зерделеуді мақсат еттік, – дейді т.ғ.к., Әбілқас Сағынов атындағы ҚТУ Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Айнагүл Даниярова. – Қаныш Сәтбаев Қазақстанның академиялық ғылымының бастауында тұрды. Қазақ КСР Ғылым Академиясының тұңғыш президенті, КСРО Ғылым академиясының және Орталық Азияның тұңғыш академигі болды. Біздің студенттер баяндамалар дайындады. Жастардың ұлы ғалымдарды ұмытпауы, олардың еңбектерін зерделеуі қажет.
«Сарыжайлау» кинотеатрында фильм көрсетілімдерінен бөлек кино сабақтары, конференциялар мен дөңгелек үстелдер жиі өткізіледі.
– Өскелең ұрпақ біздің батырларымызды, ғалымдарымызды, шығармашылық қайраткерлерімізді білуі тиіс. Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығын мерекелеу аясында біз көрермендерге тағы да «Қаныш» көркем фильмін ұсынамыз. Кинокартина белгілі қазақ ғалымы мен көрнекті геологтың бастапқы жолы туралы баяндайды. 1926-1934 жылдардағы нақты тарихи оқиғалар негізге алынды, – деп атап өтті «Сарыжайлау» кинотеатрының директоры Саят Әбдіғали.
«Қаныш» фильмі бірнеше халықаралық марапаттарға ие болып, шетелде танылды.
Таспа 11-17 сәуір аралығында көрсетіледі. Басталуы 16:40.