«КИНО – ӨНЕР САЛАСЫ»

Қазақстанның халық әртісі, КСРО халық әртісі,талантты режиссер Шәкен Аймановтың туғанына 110 жыл толуына орай, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ Жол-көлік факультетінің ЛОГ-23-2,ОП-23-1с, Ақпараттық технологиялар факультетінің ВТ-23-2с, Энергетика, автоматика және теле байланыс факультетінің ЭЭ-23-4 топтарының студенттері арасында «Қазақ тілі» пінінен «Joyteka»  платформасында «Кино – өнер саласы»  тақырыбында викторина сайысы өтті.

Шәкен Аймановтың есімі қазақ киносымен қатар айтылады, ол қазақ кино өнерінің негізін қалаушылардың бірі. Ш.Аймановтың туындылары «Қазақ киносының алтын қорына» енген. Ал оның театр сахнасы мен кинодағы образдары актерлік шеберліктің үлгісіне айналды. Шәкен Айманов ұлттық кино өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосты.

Викторина сайысының мақсаты – студенттерге Шәкен Айманов туралы мағлұмат бере отырып, қазақ киносының дамуына қосқан үлесі жайлы айту, шығармашылық жолын атап өтіп, оның режиссер және актер ретіндегі жетістіктеріне тоқталу.

Сонымен қатар, Шәкен Аймановтың «Менің атым Қожа», «Біздің сүйікті дәрігер», «Атаманның ақыры», «Ән шақырады», «Алдар-Көсе», «Тақиялы періште» киноларынан үзінді көрсету арқылы, қазақ тілінің тыңдалым, айтылым әрекеттерін дамыту.

Викторина сайысының  шарты –  «Joyteka»  платформасындағы «Кино – өнер саласы»  тақырыбына дайындалған викторинаға QR-код арқылы тіркелу, «Кино өнері»  тақырыптарына қатысты тапсырмаларды орындау және фильмдерге қатысты суреттерімен жұмыс жүргізу. «Сұрақ-Жауап», «Ой толғау» әдістерін қолдану. Ш.Аймановтың киноларынан үзінді көру, кино жайлы өз ойын айту. «Миға шабуыл» әдісін пайдалану.

Викторинаның өту барысы:

І тур. «Кино – өнер саласы»  тақырыбына қатысты КЕСТ ойынына қатысу арқылы 3 сұраққа дұрыс жауап берген студенттерге «есік» ашылады, олар викторина сайысына жолдама алады.

ІІ тур. Викторина сайысында  6 тақырып ұсынылды (5 сұрақтан берілді). Студенттер суреттермен жұмыс, кинодан үзінді көру, мақал-мәтелдерді айту сияқты жұмыс түрін орындады.

Сайыс қорытындысы бойынша І-орын:  Абенов Е.М., Лог-23-2 тобының студенті (жетекшісі, аға оқытушы Г.К. Сағатова); ІІ-орын:  Аверин Е.С. ЭЭ-23-4 тобының студенті (жетекшісі, аға оқытушы Қ.Қ. Нұржанова);

ІІІ-орын: Малышева Т.,ВТ-23-2с тобының студенті (жетекшісі, аға оқытушы Л.М. Кулейменова). ІІІ-орын: Семендеров Б., ОП-23-1с тобының студенті (жетекшісі, аға оқытушы М.Т.Оспанғалиева) иегері атанды.

Нұргүл ҚОҢЫРОВА,

Әбілқас Сағынов атындағы

Қарағанды техникалық университеті

қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының оқытушысы

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *