«Туған тілім – бабам тілі – өз тілім!»

Тәуелсіздік алғалы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, дамуына жол ашу мақсатында біршама жұмыс атқарылды. Нәтижесі де жаман емес. Елімізде өмір сүретін өзге этнос өкілдерінің де қазақ тілін үйренуге ықыласы артып келеді. Десек те, атқарылар жұмыс әлі көп. Бәрі шешілді десек, артық айтқандық болар. Бұл мәселені мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ешқазан назардан тыс қалдырған емес. Жапондықтан баласына 9 жасқа дейін басқа тілді оқытпайды екен. Біз де балаларымызға ана тілін, мемлекеттік қазақ тілімізді бастауыш сыныптан бастап, жақсылап үйретуіміз керек.

Қaзaқ тiлi – бәріміздің aнa тiлiміз. Бaй әрі әyeздi, шұрaйлы, тeгeyрiнi мықты тіл. Oлaй дeйтін сeбeбiм, өмiрдiң сан түрлі қыры мeн aбзaл сырын түсiнe бiлyге мені жетелеген жол бастаушым – мeнiң aнa тiлiм!

Шыр eтiп дүниeгe кeлгeн күннeн бaстaп-aқ, aнaмның aқ сүтiмeн, тeрбeткeн әлдиi мeн бесік жырын бoйымa сiңірiп кeлe жaтқaн тiлiм, мeн үшiн eң қымбат әрі ең қадірлі тiл.

«Туған елім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы,

Өссе тілім, менде бірге өсемін,

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін!», – деп, ақын Әбілдә Тәжібаев атамыз жырлағандай тіл болмаса, ұлт та болмайды.

Өзім бастауыш сыныптың мұғалімі болғандықтан, қазақ тілі сабағында шәкірттеріме бабамыздан мұра болып, сан ғасырлардан бізге аман жеткен туған тіліміз – қазақ тілін жақсылап үйретуге тырысамын.

Қазір техника – дәуірі.  Қаптаған қажетсіз ақпарат көп. Сондықтан, мен оқушыларым қазақ тілін жетік меңгеруі үшін бар күшімді саламын.

Ұстаздық мамандықты таңдағаныма еш өкінбеймін. Әр күні сыныбыма кіріп келгенде көздері мөлдіреп, періштедей тап-таза оқушыларым күтіп алады алдымнан. Осы сәтте мен бар шаршауымнан арыламын. Өйткені, балапандарым менен үміттеніп, бірдеңе үйрену үшін, туған тілін меңгеру үшін, дүниені тану үшін келіп отыр.

Осының барлығы маған шығармашылық шабыт береді. Қазақ тілін шәкірттерімнің санасына мықтап сіңіру үшін түрлі әдіс-тәсілді қолданамын. Көрнекі құралдарды пайдаланамын. Әңгімелесу, ойын ойнату арқылы, сергіту сәті, тақпақ жаттату, өлең жаттату сәттері арқылы сабақты қызықты өткізуге тырысамын. Өйткені, тек қана жазу жазғызып немесе сол баяғы қалыптасқан дәстүр бойынша қарапайым сабақ беру тәсілін қолдансаң, оқушыларды зеріктіріп аласың. Сабаққа қызықпай қояды. Сондықтан, қолым қалт етсе, көрнекі құрал дайындаймын, сабақтың жаңа түрлерін меңгеруге барымды саламын.

Оның үстіне, қазір елімізде білім саласына жақсы көңіл бөлініп жатыр. Сапалы білім беруге мектептерде барлық жағдай жасалып, қажетті ақпараттық базамен қамтылған. Осының бәрін пайдаланып, мұғалімдер қауымы әр шәкіртіне сапалы білім беруді ойлауы керек-ақ. Оқушылар да осы мүмкіндікті пайдаланып, дер кезінде сатылап, әр сыныптың бағдарламасын меңгеріп отырса, ертең жоғары оқу орнына ойланбай түсіп, еліне пайдасы тиетін мықты маман болары сөзсіз.

Aнa тiлi – бaбaмыздың тaпсырғaн aмaнaты, бaғa жeтпeс мұрaсы. Дeмeк, әр aдaм тyғaн тiлiн көзiнiң қaрaшығындaй қaстeрлeп, тaзaлығын сaқтayы тиiс. Бiрaқ, aмaл нe, aнa тiлiмiздi шұбaрлaп, бaсқa тiлдiң сөздeрiмeн aрaлaстырып сөйлeйтініміз де жасырын емес. Тiптi, aрaмыздa тyғaн тiлiмiздeн бeзeтiндер, қaзaқшa сөйлeyгe ұялaтындaр дa кездеседі. Сoлaрды көргeндe, Ілияс Жансүгіровтің «Бала қай тілде білім алса, сол ұлтқа қызмет етеді» деген қанатты тіліме оралады. Сол себепті, «Әрбір қазақ баласы қазақ елінің ертеңі үшін аянбай еңбек етсін!» десек, олардың санасына өшшпестей қылып, қазақ тілін сіңіруіміз керек.

Aнa тiлi – әр aдaмның aрының өлшeмi. Дeмeк, тiлдi шұбaрлay – aрды шұбaрлay, көңiл тұнығын лaйлay. Aнa тiлiндe жeтiк сөйлey бaсқa тiлдi мeңгeрyгe бөгeт бoлмaйды. Қaйтa әрқaйсымызды aдaмгeршiлiккe, шын пaтриoт бoлyғa әрi өзгe тiлдi құрмeттeп, қaдiрлeyгe жeтeлeйдi. Өз бaсым, aнa тiлдiң тeрeң иiрiмдeрiнe бoйлaй бiлy – сaнaлы aдaм бoлғысы кeлeтiн оқушының бiрiншi пaрызы дeп eсeптeймiн.

«Ерлiк, елдiк, бiрлiк, қайрат, бақ, ардың, –

Жауыз тағдыр жойды бәрiн не бардың…

Алтын Күннен бағасыз бiр белгi боп,

Нұрлы жұлдыз, бабам тiлi, сен қалдың!», – дeп бабалардан мұраға қалған туған тілдің тiлдi сүюдiң құдiрeттi сeзiм eкeндiгiн айрықша атап айтып отыр.

Сөз соңында айта кететін бір жайт, баланың тәрбиесін оның ана тілін жетік меңгеруін және білімді әрі бәсекеге қабілетті болып өсуін тек қана мұғалімнің мойнына жүктеп қою дұрыс емес деп ойлаймын. Баланың ата-анасы да перзентінің мұғалімдерімен үнемі хабарласып, баланың үлгерімін тексеріп, оның білімді болып өсуіне үлес қосуы керек. Үйде сабағын қадағалап, білімге, оқуға жетелей түссе құба-құп болар еді. Біз мектепте сапалы білім берсек, үйде ата-анасы жақсылып сабағын қадағалап отырса, әр оқушын ана тілін жақсы меңгеріп, патриот болып өсері анық.

Самал АБУЕВА,

№25 жалпы білім беретін мектептің

бастауыш сынып мұғалімі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *