Қарағанды облысында кәсіпорындар мүгедек адамдарды жұмысқа қабылдауға дайын. Бұған жұмыс берушіге субсидия төлей отырып, мемлекеттік бағдарлама ықпал етіп отыр. Егер өткен жылы 12 арнайы жұмыс орны құрылған болса, биыл олардың саня екі есеге артты.
– 2024 жылы Қарағанды облысында мүгедектігі бар адамдар үшін 26 арнайы жұмыс орны жоспарланған. Бүгінгі таңда жұмыс берушілер 10 өтініш берді, қазірдің өзінде 8 адам жұмыс істейді. Олардың қатарында көру, есту қабілеті бұзылған адамдар бар. Бағдарламаға қалалар да, аудандар да қатысады. Салалары әртүрлі: өндіріс, қызмет көрсету, білім беру орталықтары, – дейді Қарағанды облысы бойынша еңбек ұтқырлығы орталығының директоры Нұржан Сыздықов. – Келесі жылы арнайы жұмыс орындары одан да көп болады деп ойлаймын. Жұмыс берушілер мемлекет тарапынар қолдау бар екенін көріп, қызығушылық танытып жатыр.
Жұмыс берушіге арнайы жұмыс орындарын жабдықтауға арналған құрылғылар сатып алу және орнату шығындары өтеледі. Сондай-ақ мемлекет мүгедек адамдардың жалақысының бір бөлігін өзіне алады. Субсидиялар үш жыл бойы ай сайын төленеді: бірінші жылы – жалақының 70%-ы (бірақ 30 АЕК-тен аспайды, қазір бұл 110 760 теңге), екінші жылы – жалақының 65%, үшінші жылы – 60%.
Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс шарттары Теміртаудағы кәсіпорындардың бірінде көрсетілді.
Корпустық жиһаз өндіру цехына екі адам қабылданды. Олардың бірі саңырау және мылқау, ол аппараттық оюшы болып жұмыс істейді. Екінші жұмыскердің көру қабілеті төмен, оны дизайнер ретінде қабылдады.
– Біздің кәсіпорынға 20 жыл болды, цехта 14 жұмыс орны бар. Біз осындай бағдарламаға қатысқанымызға және мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектескенімізге қуаныштымыз. Олар мансап орталығына өтініш беріп, ол өтініштері мақұлданды. Барлығы ыңғайлы, жайлы және қауіпсіз болуы үшін арнайы жұмыс орындарын жабдықтап, жағдай жасадық. Көру қабілеті нашар адам үшін арнайы бағдарламасы бар жаңа компьютер сатып алынды. Сондай-ақ, олар жұмыс орнын қосымша жарықтандырды. Нашар еститін адам үшін дұрыс сызба мен кесуге мүмкіндік беретін есту аппараты мен бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алдық, – деді кәсіпкер Сара Лещанова.
Сонымен қатар, кіреберіс пен үй ішінде жүруді жеңілдету үшін жыпылықтайтын жарық сигналдары орнатылған.
– Менің зейнеткерлікке шыққаныма тағы 10 жыл болды. Техникалық білімім бар. Бұрынғы жұмысымнан денсаулығыма байланысты айырылып қалдым: бір көзінің торы бөлінуіне байланысты көзім көрмей қалдя. Мансап орталығына хабарласып едім, маған мүмкіндіктер туралы айтып, орын ұсынды. Бұған дейін мен ешқашан дизайнмен айналысқан емеспін, бұл мен үшін жаңа сала. Бірақ барынша көмектесті, жағдай жасады. Бұл өмірлік жағдайда да үміт үзбей, болашаққа деген сенім пайда болды. Мен сияқты адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесетін мемлекеттік бағдарламалар мен кәсіпкерлер бар екеніне ризамын, – деп бөлісті Дмитрий Калинкин.
Сара Лещанованың айтуынша, олар осы бағдарламаға әрі қарай да қатысуға дайын. Көру қабілеті бұзылған тағы бір қызметкер үшін орын дайындалады. «Күміс жас» бағдарламасына да қатысатындар бар, ол жобада зейнеткерлікке шығуға сәл уақыт қалған адамдарға жұмысқа орналасуға көмектеседі.
Ерболат ЕРБОЛҰЛЫ