Жылдық техникалық тексеруден мүлтіксіз өтті

2024 жылдың 13 маусымында 5516 әскери бөлімінде «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Сәкентай Амантайұлы Шекарбековтың бұйрығымен жылдық техникалық тексеру өткізілді. Әскери бөлімнің қару-жарағы, әскери техникасы, инженерлік, байланыс құралдары сонымен қатар радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс құрал-жабдықтары тексерілді. Осы тексеріске арнайы комиссия бекітіліп, оның төрағасы болып «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары полковник Владимир Владимирович Березовиков тағайындалды.

Жылдық техникалық тексерудің басты мақсаты әскери көлік құралдарының техникалық жай-күйі мен пайдаланауға әзірлігін, инженерлік, байланыс құралдары сонымен қатар радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс құрал-жабдықтарының есебін жүргізу. Сондай-ақ әскери бөлімнің көлік паркінің және қару-жарақ, көліктердің қосалқы бөлшек сақтайтын қоймалары және шеберханалардың белгіленген ережелерге сай келетіндігін тексерді.

Қорытындысы бойынша әскери бөлім жылдық техникалық тексеруді «өте жақсы» деген бағаға тапсырды. Бұл дегеніміз әскери техника және қару-жарақтар тізімге және басшылық құжаттардың талаптарына сәйкес екендігін білдіреді. Бөлімнің техникасы және қару-жарақтарын ұқыпты сақтауға белсенді ат салысқан және лауазымдық міндеттерін адал орындаған әскери қызметшілер «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Сәкентай Амантайұлы Шекарбековтың бұйрығымен марапатталатын болады.

 

Теміртау қаласы

5516 әскери бөлімі

кіші сержант Ержан Мунбаев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *