МАСС-МЕДИА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ НАЗАРЫНА!

Масс-медиа қызметкерлерінің Нұрмахан ОРАЗБЕК атындағы облыстық бильярд турнирі.

Мақсаты мен міндеті: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі жазушы, танымал журналист Нұрмахан Оразбектің есімін ұлықтау, журналистер арасында бильярдты дәріптеу, мықтыларды анықтау, қатысушылардың ойын шеберлігін арттыру, саламатты өмір салтын насихаттау және журналистер арасындағы ауызбірлікті нығайту.

Өткізілетін орны мен уақыты: Қарағанды қаласы, «Достар» бильярд клубы. Кеншілер даңғылы 2/1. 30 маусым күні сағат 09:00-де.

Жарыс бағдарламасы: Сағ. 09:00 — Қатысушыларды тіркеу, жеребе тарту; Сағ. 09:30 — Турнирдің ашылу салтанаты; Сағ. 10:00 — Турнирдің басталуы. Турнирге қатысу туралы өтінім 26–29 маусым аралығында 8(775)-942–87–80 WhatsApp нөмірі арқылы қабылданады. Турнирді ұйымдастырушы: «Saryarqa Aqparat» ЖШС.

Турнирге қатысушылар: Турнирге Қарағанды өңіріндегі масс-медиа саласында қызмет ететін барлық журналистер қатыса алады; Қатысушылардың киім формасы: Ақ көйлек, жилет, қара шалбар, туфли. Жарысты өткізу шарттары мен жарыс жеңімпаздарын айқындау тəртібі: Турнир олимпиадалық жүйемен өтеді. Əр ойыншы қарсыласымен үш мəрте кездеседі. Егер, қарсыласын екі кездесуде жеңсе, бірден келесі кезеңге өтеді. Ойнайтын жұптарды анықтау тəртібі жеребе арқылы белгіленеді.

Төреші турнир жеңімпаздарын осы ережеге сүйене отырып анықтайды. Қатысушылар стандартты киймен қамтамасыз етіледі. Жеке киймен ойнауға рұқсат етіледі. Марапаттау: І, ІІ, ІІІ орын алған қатысушылар дипломдармен жəне қомақты ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Анықтама үшін байланыс телефоны: 8(775)-942– 87–80 (Ерік НАРЫН).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *