Қарағанды облысында жылыту маусымына дайындық жалғасуда. Жабдық жөнделіп, отын сатып алынуда.
Жұмыс штаттық режимде жүріп жатыр, деп хабарлады облыс әкімдігіндегі аппараттық кеңесте энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Тілектес Досаев.
— Дайындық бойынша ісшараларды орындау бүгінгі күні 35 % жоспармен 36,2 % құрайды. 224 жергілікті жылу көздерінің, 900 шақырымға жуық инженерлік желілердің, 418 əлеуметтік мəдени тұрмыстық нысандардың жəне 2044 көпқабатты тұрғын үйлердің дайындығы қамтамасыз етілді, — деп хабарлады ол.
Облыстың энергия көздерінде негізгі жəне қосалқы жабдықтарды жөндеу жалғасуда. Көмір сатып алу жəне оны кезең-кезеңімен жөнелту жұмыстары басталды.
Қарағанды облысының əкімі əлеуметтік маңызы бар нысандардың алдағы қысқа дайындығын жəне электр станцияларында жөндеу жұмыстарын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.
— Алдағы жылыту маусымына уақтылы жəне сапалы дайындық — менің апта сайынғы бақылауымда қалатын басты мəселе, — деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев. — Бүгінде барлық қажетті құжаттар қабылданып, жауапты тұлғалар тағайындалды. Жөндеу жұмыстарының кестесін қатаң сақтау қажет. Энергетика басқармасы мен аудан əкімдеріне жылу беру маусымына сапалы дайындықты қамтамасыз етуді, көмірді уақтылы сатып алу бойынша жұмыстарды жүргізуді жəне сапаны бақылауды тапсырамын. Көмірді алдын ала дайындау қажеттілігі туралы халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.