Қарағанды мен Абай ауданының командалары Балқаштағы «Жаны нәзік, рухы биік арулар» атты XII облыстық әйелдер спартакиадасының көшбасшылары атанды. Дәстүрлі жарысқа 200-ден астам әуесқой спортшы қатысты.
Олар спорттың жеті түрінен жарысты: волейбол, стритбол, тоғызқұмалақ, жазғы президенттік көпсайыс, дойбы, асық ату жəне үстел теннисіне сайысты
— Спартакиаданың басты мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау, — дейді Бас төреші Сағдат Əбдікəрімов. — Жоғары нəтиже көрсеткен командалар республикалық жарыстарға қатысу үшін іріктеліп алынады, онда олар өздерінің барлық мүмкіндіктерін көрсете алады.
Қалалар арасында бірінші орынды Қарағанды командасы, екінші орынды Балқаш, үшінші орынды Теміртау спортшылары иеленді
Аудандар арасында алтынды Абай, Нұра ауданы командасы күміс, Осакаров ауданы қола жүлдеге ие болды.