Қарағандылық спортшылар командасы БРИКС елдерінің ойындарында фиджитал-футболдан екінші орын алды. United Esports Leagues киберспорт лигасының қатысушылары мен «Тұлпар» командасының футболшылары бірлесе ойнап, тамаша өнер көрсетті.
БРИКС ойындары Қазан қаласында өтті. Ресми мəліметтерге сəйкес, халықаралық біріншілікке 86 елден 4600 спортшы қатысты. Бір жарым апта бойы спортшылар 27 спорт түрінен бақ сынады
Ойындарда Қазақстан атынан 114 спортшы қатысты. 13 спорт түрінен өнер көрсетіп, олар жалпы командалық медальдық есепте оныншы орынға ие болды. Олардың есебінде 2 алтын, 10 күміс жəне 17 қола жүлде бар
Жарыс бағдарламасында фиджитал-футбол да болды. Қазақстаннан тек Қарағанды облысының спортшыларынан құралған команда өнер көрсетті. Бұл «Тұлпар» футболшыларының квартеті жəне United eSports Leagues виртуалды доп шеберлерінің квартеті. Финалда қарағандылықтар ресейліктерден 7:9 есебімен ғана ұтылды. Нəтиже — күміс медаль
— Фиджитал футбол жарысы екі бөлімнен тұрады: алдымен ойыншылар футбол тренажерында бақ сынасады, содан кейін нақты футбол алаңына шығады. Яғни, интерактивті жəне нақты спорт бірлескен. Біздің спорт тəртібіне барлығы 12 ел мəлімделді. Басты қарсыластарымыз Бразилия мен Ресейдің футболшылары болды. Бірақ топта біз Бразилия құрамасын 7:6 есебімен жеңдік. Ширек финалда беларусь құрамасын, ал жартылай финалда Венесуэла құрамасынан басым болдық. Жеңіске жету үшін сəл тəжірибе мен сəттілік жетпей қалдя. Бірақ команда бар күшін салды. Келесі жылы БРИКС ойындарында одан да жақсы өнер көрсетеміз деп үміттенеміз, — дейді Қарағанды облысы киберспорт федерациясының президенті Евгений Набиулин.
Қарағанды өңірінің United Esports Leagues спортшылары бүгінде тұрақты ойын тəжірибесіне ие
Əлем чемпионаттарына, түрлі халықаралық турнирлерге екі бағытта қатысады — киберфутбол жəне киберхоккей.