Бұқар жырау ауданындағы Нұра өзеніне екі қыз батып кетті

Бұқар жырау ауданында, Нұра өзенінің бойындағы Қызылжар ауылында 29 маусым күні 9-сыныпта оқитын екі қыз суға түсуге тыйым салынған жерде белгісіз жағдайда суға батып кетті, ересектердің қарауынсыз болған.

Куәгерлердің айтуынша, балалар суға батқан жерде құйындары бар жылдам ағыс, жағадан 4 метр қашықтықта өткір жартас болған. Оқиға орнында барлығы 3 бала болған. Жағада бір қыз қалды, ол оқиға туралы жақын маңдағы тұрғындарға хабарлады.

Сағат 19:00-де жедел-құтқару жасағының күшімен 2011 жылы туған қыз баланың денесі табылып, шығарылды. 2009 жылы туған қызды іздеу жалғастырылуда.

Бұл оқиға судағы қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын көрсетеді:
Ешқашан мас күйде суға түспеңіздер!
Тыйым салынған немесе белгісіз жерлерде суға түсуден аулақ болыңыздар! Балаларды үнемі қадағалаңыздар және судың жанында қараусыз қалдырмаңыздар!
Ескерту белгілері мен құтқарушылардың нұсқауларын орындаңыздар.
✅Су қоймаларындағы қауіпсіздік көп жағдайда ТЕК СІЗГЕ байланысты!
☎Қандай да бір оқиға орын алса, 101 немесе 112 телефондарына хабарласыңыздар!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *