Кофесі жұртқа жаққан

Кәсіпкерлік – экономика тірегі. Мұны өз сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та атап өтті. Мемлекет басшысы кәсіпкерлікті дамыту маңызды екенін айтып, Үкіметке іскерлік белсенділікті ынталандыруды тапсырды. Әсіресе моноқалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуын өрістету үшін мемлекет ұсынған бағдарламаның тиімділігі зор. Мәселен Приозерск қаласында кәсіпкерлікпен айналысушылардың саны жыл санап артып келеді. Солардың бірі – Ержан Нұрланбекұлы.

Ержан еліміздің экономикалық қуатын шағын және орта бизнес арттыратынына сенімді. Жас кәсіпкер жұмыспен қамту мен кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Еңбек» бағдарламасы арқасында алдыға қойған мақсаттарын іске асырып отыр. Ол мемлекеттік грант есебінен кофехана ашты. Сөйтіп, Приозерск қаласының нағыз кофенің дәмін татып отыр.

Ержан 2 адамды жұмыспен қамтып отыр. Істің көзін тапқан жігерлі жас көрсетілген мемлекеттік қолдауға дән риза.

– Қазіргі таңда кәсібін ашамын дегендерге Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының екінші бағытындағы «Бастау Бизнес» жобасы, «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы зор мүмкіндік беріп отыр. Мен «Еңбек» бағдарламасы аясында 583 мың теңге және Қарағанды облысы әкімінің жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында ұсынылған 1 миллион теңге грантқа ие болып, қоғамдық тамақтандыру нысанын ашу үшін қажетті жабдықтар мен құралдарды сатып алдым. Жұмыспен қамту орталығы арқылы екі адамды жұмысқа қабылдадым. Бірі «Күміс жас» жобасы бойынша еңбек етіп жатыр. Жалпы, алпауыт елде жұмыс істейтін халық санының 52 пайыз­дан астамы кәсіпкерлік саласында қызмет етеді екен. Бұл ел экономикасы кез келген жағдайға тез бейімделуде шешуші рөлге ие етеді деген сөз. Кейде кәсіпке, тәжірибенің жетіспеуі де әсер етеді. Сол үшін бизнес-әдебиеттер оқып, бизнес-тренингтерге қатысу арқылы білімімді толтыруға тырысамын. Бұл көмектеседі және ынталандырады, – дейді кәсіпкер Ержан Абдурахманов.

Кофехана қаланың орталығында тұр. Кофе және басқа да сусындардан бөлек, кәсіпкер барлық кондитерлік өнімдерді өзі пісіреді. Кофені келушілердің көзінше дайындайды. Осылайша, ол келушілердің сеніміне кіріп, тұрақты клиент базасын қалыптастыруды көздейді.

Қазір қалада кәсіп ашуға ұмтылғанжастар қарасы қалың. Жұмыспен қамту орталығының мамандарының айтуынша, олар сұранысы жоғары, өңірде баламасы жоқ  кәсіп  ашуға ниет білдіреді. Бұл өзке зегінде қала экономикасы үшін де тиімді. Себебі, шағын және орта бизнес кез келген елдімекеннің тіреуі болып келетіні анық.

Манас АҚСАРЫ

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *