Балқаш қ. ПБ учаскелік полиция инспекторлары, қала әкімінің кеңесшісі А.Адамбекова, сонымен бірге жер қатынастары мен сәулет бөлімінің қызметшілерімен бірлесіп, «Таза Қазақстан» акциясы аясында, Балқаш қаласының абаттандыру тәртібін бұзу бойынша деректерді анықтауға бағытталған рейддік іс-шаралар жүргізілді.
Аталған іс-шара барысында бірқатар бұзушылықтар анықталып, ҚР ҚБК-нің 505 бабына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды, оның ішінде «Балқаш СУ» ЖШС директоры, «Ертөстік» балабақшасының меңгерушісі, «Улыбка» мейрамханасының иесі, және төрт жеке тұлға мен екі жеке кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы соммасы 344 мың теңге айыппұл салынды.