Балқаш – металлургтер мекені. Кәсіби мереке қарсаңында мысшылар шаһарында металлургтерге сый-құрмет көрсетілді. Бірнеше қызметкерле мемлекеттік нагрдаларға ие болды. Мерекеге орай қалаға арнайы барған облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев марапаттарды табыстады.
ҚР Президентінің Жарлығымен еліміздің өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық дамуына қосқан жемісті еңбегі үшін бірқатар сала қызметкерлері мемлекеттік наградаларға ие болды. Олардың қатарында Kazakhmys Smelting, «Сары Қазына», «Қоңырат» мыс компаниясының қызметкерлері бар.
Аймақ басшысы металлургтерге күнделікті қажырлы еңбегі үшін алғысын жеткізді.
– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде кәсібилікке табынушылықты қалыптастыру қажет екенін, елдің байлығы – еңбек адамы екенін бірнеше рет айтқан едң. Біздің облыс табиғи ресурстармен ғана емес, талантты адамдармен, жоғары санатты кәсіпқойлармен, нағыз еңбеккерлермен де танымал. Балқаш – еліміздегі ең ірі түсті металлургия орталығы. Осы саланың ардагерлеріне ерекше алғыс айтқым келеді. Сіздердің көп жылғы еңбектеріңіз бен мамандыққа деген адалдықтарыңыз металлургтердің жаңа буынын тәрбиелейтін үлгі болды. Металлург мамандығы жастар үшін беделді болып қалатыны қуантады. Энергияның, жастардың инновациялық тәсіліне деген ұмтылыстың арқасында отандық металлургия одан да күшті және технологиялық сипатқа ие болады, – облыс әкімі.
Салтанатты шарада «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев сөз алды. Ол да металлургтер еңбегіне жоғары баға бері, құттықтау лебізін білдірді.
– Бүгінде «Қазақмыс» кәсіпорындарында металлургия дивизионында алты мыңнан астам адам еңбек етуде. Бұл – үлкен отбасы. Біз жұмыс істеп тұрған өндірістік қуаттарды жаңғыртуға және жетілдіруге бағытталған бірқатар іс-шаралар өткіземіз. Мысалы, биыл Балқашта құрама газ құбырын қайта құру бойынша ауқымды жоба аяқталуда. Бұл өнім шығаруды арттырып қана қоймай, ең алдымен атмосфераға күкірт диоксиді шығарындыларын азайтуға мүмкіндік береді, – деді басқарма төрағасы. Сондай-ақ, ол Балқаш мыс балқыту зауытын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілетінін хабарлап, жоспарларымен бөлісті.
Салтанатты жиында «Сары Қазына» ЖШС шаймалау учаскесінің бастығы Асхат Сапенов «Құрмет» орденінің иегері атанды. III дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен Балқаш металлургия зауытының екі қызметкері – шихта дайындау цехының бас инженері Виктор Сұлтанов және мыс электролизі цехының өнімдерін тазалаушы Серікбол Шорманов, сондай-ақ «Қоңырад» мыс компаниясының электролизшісі Дархан Боранбаев марапатталды. Тағы жеті қызметкерге еңбектегі жетістіктері үшін «Ерен еңбегі үшін» медалі табысталды.
«Еңбек Даңқы» орденімен марапатталған Серікбол Шорманов металлургия саласында 24 жыл еңбек етіп келеді. Елордадағы металлургия кәсіпорнында жұмыс істейтін ұлы әкесінің ізін басқан.
– Күтпеген жерден үлкен қуанышқа бөлендім. Біздің еңбегімізді атап өткендеріңіз үшін рахмет, – деп қуанышымен бөлісті мемлекеттік марапат иегері.
Виктор Сұлтанов ширек ғасыр мамандығы бойынша еңбек етіп келеді. Ол Балқашта инженер-металлург мамандығын алған және содан бері туған қаласында жұмыс істеп келеді. Әріптестері оны жас мамандар үшін таптырмас тәлімгер деп біледі. Сонымен қатар марапатқа ие болғандардың бірі Әбділ Кеңесбаев «Ерен еңбегі үшін» медаліне ие болды.
– Мен металлургияда 16 жыл жұмыс істедім, электролизші болып жұмыс істеймін. Біздің жұмысымыз қиын және ауыр. Жұмысымды жоғары бағалағанына қуаныштымын және ризамын. Бұл одан да бетер адал еңбек етуге итермелейтін жауапкершілік, – дейді Әбділ Кеңесбаев.
Осылайша балқаштықтар Металлургтер күнін ауқыммен атап өтті. Мереке құрметіне спартакиада және «Әкем, анам және мен – спорттық отбасы» дәстүрлі байқауы ұйымдастырылды.
Мереке қаладағы көл жағасындағы концерттік бағдарламаға жалғасты. Балаларға арнайы қонақтар шақырылды. Бұлардың арасында есімі елге белгілі цирк-шапито Мұрат Мұтыргановты ерекше атап өтуге болды. ол жиналған бүлдіршіндерді қызыққа бөледі. Ал мереке соңы отшашумен түйінделді.
Манас АҚСАРЫ.