Бірде Қаныш Сәтбаев ағамыз Қазақ ССР-і Ғылым академиясының президенті болып тұрғанда, Қазақстан делегациясын басқарып, Францияға ресми сапармен барады. Француздар біздің қазақ делегациясын «орыстар, орыстар» деп қайта-қайта айта бергеніне намыстанған Қанышаға: «Біз орыс емеспіз, өз халқымыз, өз мәдениетіміз, өз жеріміз, өз еліміз бар «қазақ» деген басқа халықпыз» – депті ашуланып.
«Онда дәлелдеңіз, бізде таниық» дейді француздар. Қолдары босап, демалып жатқанда, Қаныш ағамыз бір қой алдырып, өзі бас болып сойып, мүше-мүшеге жіліктеп, ішек-қарнын тазалап, бас-сирағын үйітеді. Сосын қазан алдырып, бас-сирағын бөлек, басқасын бөлек пісіртеді. Оны көрген француздар қайран қалады. Ас дайын болғанда басты бөлек, сирақтарды бөлек, қалған еттерді табақтарға мүшелеп, қонақтардың лауазымына қарай, алдарына табақ тартқызады. Қаныш ағамыз «бұл тағамды қазақтың ең қасиетті асы, «ет асу» деп атайды» депетті қолмен қалай жейтінін көрсетіп, премьер-министрге басты беріп, қалай мұжитынын да үйретеді. Балбыратып, өте дәмді пісірген етті – француздар қолдарымен сүйсіне жейді. Француздармен бірге отырған кейбір қазақ шенеунік, министрсымақ мәңгүрттер етті қолмен жегенге оқырана қарап, Қанышағаны атарға оқтары болмай тістеніп отырады. Қазақтың ас ішу мәдениетін, керемет көрсете білген дана Қанышқа ризашылығын білдіріп, бастарын шайқап таңданбаған француз қалмайды. Газеттеріне жазады.
Сапар аяқталып, қайтар алдында бір мейрамханада қазақ делегациясы оңаша ас ішіп отырғанда, бір қолында шанышқы, бір қолында пышағын шошаңдатып, мәңгүрт, топас шенеунік орнынан атып тұрып: «Қаныш Имантаевич, сіз қазақ халқын арам қолымен ас жейтін, жабайы, мәдениетсіз етіп көрсетіп, бүкіл әлемге масқара қылдыңыз. Қазақстанға барғасын мәселеңізді орталық бюрода қарайтын болады» – деп зіркілдейді ашуын баса алмай. Сонда Қаныш ағамыз байыппен, асықпай орнынан түрегеледі де: «Біздің осында отырғанымызға 10-15 минут өтті. Осыдан жарты сағат немесе бір сағат бұрын қолыңыздағы шанышқымен, қасықпен кім жегенін айтып бере аласыз ба?» – деп сұрайды. Үн жоқ. Әрине, білмейсіз. Оны ешкімде білмейді. Бір сағат, бір күн, бір ай, бір жыл бұрын шанышқымен, қасықпен кім ас ішкенін білмейміз. Қолыңыздағы шанышқымен өмірі жазылмайтын ауыз жарасы, туберкулез, сифилис, неше түрлі жұқпалы аурулар мен ауыратын адамдар ішкен шығар. Жалпығаортақ мейрамханаға әлем халқынан кім келмейді? Қолыңыздағы шанышқы жуылды ма? Ыстық сумен жусада өлмейтін паразит, бактериялар жеткілікті. Ал, қазақ халқы – ас ішерде қолын жуып отырады. Ол ауру болса да өз алдындағыны жейді, ішеді, ауру өзімен кетеді. Біз әлемдегі таза да ақылды халықтың ұрпағымыз» – дегенде ақымақ шенеунік қолындағы шанышқы мен пышағын үстел үстіне тастай салғанын білмей қалады. Осы уақытқа дейін шанышқы мен пышақпен етті мылжалап отыратын,әрі оны әлемдік ас ішу мәдениеті деп мақтанатын, сол жерде отырған «оқымысты» қазақтар қолдарындағы қасық, шанышқы, пышаққа күдікпен қарап, астары тамағынан ары өтпей, тұрып, жиіркеніп кетеді.
Қайран қазақтың даналары, ұлтының болашағы үшін ештеңеден тайсалмайтын.
Әзірлеген Ерзат Ермағамбет