11 шара жүзеге асырылмақ

«Basqary» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Til Qazyna Karagandy» Қарағанды облысының тұрғындары арасында замануи әдістермен қазақ тілін насихаттау мақсатында жаңа жобаны іске асыруда.

Жобаға қазақ, орыс және басқа да этнос өкілдері қатысып, бақ сынай алады. Жобаның өту мерзімі маусым-тамыз айлары аралығы.

Жобаның негізгі мақсаты – Қарағанды облысы аумағында ақпараттандыру және коммуникация саласында, әлеуметтік желілерде мемлекеттік тілдің қолдауын кеңейту.

Жобаның әріптестері ретінде «Ұлы тағзым» қоғамдық қоры, «Дала мен Қала» республикалық газеті, «Адырна» ұлттық акпараттық порталы, Ауыл халықтық-демократиялық патриоттар партиясы тарапынан қолдау тапты.

Қарағанды облысының жоба аясында 11 шара жүзеге асырылмақ.

«Қазақ тілінде жауап бер, Түркістанға жолдама ал!» байқауы

Байқаудың өту форматы:  Қарағандының орталық көшелерінде Қазақстандағы белгілі бір өңірдің табиғатын, халқын, шаруашылығын, тарихын, мәдениетін мемлекеттік тілде сұрау арқылы тұрғындарға өткізіледі. Шараның мақсаты –

тұрғындардың Қазақстандағы өңірлер туралы ақпарат беру, мәдениеті мен ұлттық құндылықтар бойынша білімін арттыру, қызығушылықты ояту. Басты жүлде байқау жеңімпазына Түркістан қаласына жолдама. Сондай-ақ белсенділік танытқан қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары ұсынылады. Байқау қыркүйек айында Қарағанды көшесінде тұрғындар арасында өтеді. Әлеуметтік желіде тікелей эфир өткізіледі.

Ұлттық құндылықтарды  насихаттау мақсатында өзге этнос жастары арасында «Madeniet» квест ойыны.

Қарағанды облысының әр қала мен ауданнан бір қатысушыдан іріктелінеді. Байқау онлайн платформада өткізіледі. Қатысушыларға қазақтың ұлттық құндылықтары мен мәдениеті туралы сұрақтар қойылады. Байқау мемлекеттік тілде өтеді. Байқаудың 15 қыркүйекте өтеді.

«Kazakh speaking club» қазақша пікір алмасу алаңы.

Клубтық кездесулер инстаграмм парақшасында әр сенбі сайын жергілікті уақыт бойынша сағат 19:00-де өтеді. Тікелей эфирді «Мәміле» қазақ тілі тілдесу клубының жетекшісі Ольга Тим жүргізеді. Трансляцияға қосылу үшін Ольга Тимнің @olgatim31 парақшасына жазылу керек. Онлайн кездесулерде қазақ тілін үйреніп, жетілдіру үшін қазақ халқының мәдениетін, әдеп-ғұрпы, салт дәстүрі бойынша білімдерін дамыта алады. «Kazakh speaking club» жас ерекшеліктеріне қарамастан, қазақ тілін үйренгісі келетін барша азаматқа ашық!

«Онлайн сөйлесу» шарасы тұрмыстық деңгейдегі сөздерді қолдану кейстері әлеуметтік желілер арқылы роликтер арқылы көрсету.

«Мен қызметті қазақ тілінде көрсетемін» шарасы өзге этнос өкілдеріне мемлекеттік тілде қызмет көрсетеді. Ол туралы бейнероликтер топтамасы әзірленіп әлеуметтік желілерде таратылады.

«Кітап оқып Iphone ұтып ал». Байқауда Қарағанды облысы тұрғындары Д.Исабековтың «Гауһартас» және Ж.Жақанның «Чипси мен шибауырсақ» кітабын оқып сайысқа түседі. Кітапты оқығаннан кейін, арнайы телеграмм бот арқылы тест өтіп, Iphone және басқа да бағалы сыйлықтар алуға мүмкіндік алады.

«Ulttyq dastur» бейнероликтер топтамасы. Қарағанды облысының белсенді блогерлері әлеуметтік желілерде ұлттық дәстүрлерді насихаттау мақсатында Қарағанды облысының аумағындағы қазақтың ұлттық құндылығын сіңірген азаматтар жайлы бейнероликтер арқылы көрсетеді.

Жастар арасында бір-біріне және ата-анасына қазақ тілінде мейірім сезімін білдіру мақсатында «Қазақ тіліне махаббатыңды білдір және екі адамға жолдама ұтып ал» челленж байқауы әлеуметтік желілер арқылы өтеді. Қатысушылар #Lovekazakh #tilqazynakaragandy хештегтерін белгілей отырып, мейірім сөздері арқылы 1-2 минуттық бейне ролик жолдайды.

«Қазақшаң қалай, балақай?» Қарағанды облысының тұрғындары арасында өзге этностардың балалары қазақ тілінде еркін сөйлеуді телеарна арқылы трансляцияда көрсетіледі.

Қазақша отбасы. Қарағанды облысы  тұрғындарының қазақша тәрбиеленетін өзге этностар отбасылары жайлы бейнероликтер түсіріліп, отбасы мүшелерінің қазақ тілінде сөйлеуі арқылы дәстүрлі құндылықтар насихатталады.

Манас АҚСАРЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *