ҚАЗАҚ ЕЛІ «ҒАСЫР АДАМЫМЕН» ҚОШТАСТЫ

Қазақ елі дүниежүзі «Ғасыр адамы» деп атаған ғұлама ғалым Темірғали Көкетаевты ақтық сапарға шығарып салды.

Ол – әлемде теңдессіз жаңалық – суық жарықты ойлап тапқан физик. Осы жаңалықтан кейін жаңа технология деген ұғым пайда болған. Теледидар, компьютерлер қызусыз жарық шығара алатын болды. Ұялы телефондар осы суық жарықтың арқасында шықты.

Ол әлем ғалымдарын таңдай қақтырып, ғылымға өлшеусіз үлес қосты.

Ол – Оксфордта дәріс оқыған тұңғыш қазақ. Ол сол кезде баяндамасын қазақ тілінде оқымақ болғанымен, ол уақытта технология мүмкіндік бермеген.

Ол физик бола тұра, қазақ тілінің дамуына өзіндік үлес қосты. Мектептегі оқу процестерінің дұрыс жүруіне ақыл қосты. Әлем мойындаған ғалым дүниеге қызығып, шетел асқан жоқ. Туған ауылынан ұзамады. Иманақтан шыққан ұл қарапайым, адами қалпын сақтап, 87-ге қараған шағында қайтыс болды.

Қош болыңыз, абыз, аңыз адам!

Арман ӘМЕН,

журналист

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *