«Арай-2024» жеңімпазы анықталды

Балқашта «Арай-2024» XVII облыстық спартакиадасы аяқталды. Бірінші орынды қарағандылық спортшылар, екінші орынды балқаштықтар, үшінші орынды Теміртау құрамасы жеңіп алды.

Жарыс екі күн бойы бірнеше спорт алаңында өтті. Спартакиада әртүрлі жастағы және әлеуметтік топтағы 600-ге жуық спортшыны біріктірді.

Балқаш, Қарағанды, Приозерск, Саран, Теміртау және Шахтинск қалаларынан қатысушылар 12 спорт түрі бойынша жарысты: волейбол, шағын футбол, асық ату-бес асық, армрестлинг, пауэрлифтинг, президенттік көпсайыс, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, жеңіл атлетика, қазақ күресі және үстел теннисі.

– Жарыс деңгейі жыл сайын артып келеді. Барлық команда жоғары нәтиже көрсетті. Бұл жарыстар 8-12 қыркүйек аралығында өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өтті, – дейді бас төреші Нұрлан Құрмашұлы.

Жарыс қорытындысы бойынша Қарағанды құрамасы алтын, Балқаш спортшылары күміс, Теміртау командасы қола жүлдеге ие болды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен және грамоталармен марапатталды.

Келесі жазғы «Арай» спартакиадасы Саран қаласында өтеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *