Ағымдағы жылдың 20-23 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты Қарағанды қаласында орналасқан 6505 және 5451 әскери бөлімдерінің аумағында Ұлттық ұлан академиясының 2023 жылғы түлектерімен оқу-әдістемелік жиын өткізілді. Үш күнге созылған бұл жиынның негізгі мақсаты офицерлердің атыс, саптық, физикалық, техникалық даярлық дағдыларын арттыру болып табылды. Аталмыш жиын аясында, офицерлер жеке құрамды оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдістерімен танысты, сондай-ақ жауынгерлік даярлықты, ішкі қызметті ұйымдастырудың әдістемелік дағдыларын бекітті.
Аталмыш, оқу-әдістемелік жиындар біз үшін өте көп пайда алып келеді. Жиынға қатысу арқылы біз өз білімдерімізді шыңдап, практикалық дағдыларымызды арттыра алдық. Сонымен қатар, жеке құрамды оқыту мен басқару мәселелері бойынша білім алдық-деді оқу-әдістемелік жиын қатысушысы лейтенант Кенжалов Абылхан.
Аталмыш жиынның соңғы күні офицерлер «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Шекарбеков Сәкентай Амантайұлы мен кездесіп, көкейлерінде тұрған сұрақтарын қойып, естелік фото суретке түсті.
Бақдәулет Манарбек
ҚР Ұлттық ұланы Орталық өңірлік
қолбасшылығының баспасөз қызметінің басшысы