Ұландықтар «Қазтест» жүйесі бойынша тест тапсырды

Ағымдағы жылдың 26 тамыз күні Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің 100-ге жуық әскери қызметшілері қазақ тілінен біліктіліктерін тексерді. Олар Қарағанды қаласында орналасқан Бәрімбек Бәйсенов атындағы Ішкі істер министрлігінің академиясы базасында қазақ тілінің деңгейін анықтайтын QAZTEST бағдарламасы бойыншы тестілеуден өтті. Атап өтер жайт аталмыш тестілеуті Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлері қабылдады.

Үш кезеңнен құралған тестілеу барысында ұландықтар тыңдалым, оқылым және лексика-граматика бөлімдері бойынша білімдерін тексеріп үш сағат ішінде тестілеуді аяқтап жоғары нәтижелер көрсете білді. Айта кетер жайт, аталмыш тестілеу тек Қарағанды қаласында емес еліміздің бірқатар аймағында өткізіліп жатыр.

 ҚР ҰҰ «Орталық» ӨңҚ баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *