Кеншілер ұлықталды

Кәсіби мереке қарсаңында Қарағанды облысында кеншілерге құрмет көрсетілді. Ел Президентінің Жарлығымен көмір өнеркәсібінің 18 өкіліне жемісті еңбегі мен шахта құрылысын дамытуға қосқан үлесі үшін мемлекеттік наградалар табыс етілді.
Төрт қызметкер «Құрмет» орденінің иегері атанды. Тағы төрт адам ІІ деңгейлі «Еңбек Даңқы» орденін, және он қызметкер «Ерен еңбегі үшін» медалін алды.
Мемлекет басшысының атынан марапатты Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев табыс етті.
Өңір басшысы барлық кеншіні кәсіби мерекемен құттықтап, биік шаңырақ пен жұмсақ көмір, табыс, отбасылық амандық тіледі.
– Шахтер күні – барлық қарағандылық үшін айтулы мереке. Біздің өлкеміздің тарихы елдің көмір өнеркәсібінің дамуымен тығыз байланысты. Облыста тау-кен өндіру саласында 40 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Кенші болу мақтаныш! Шахтердің еңбегі – күн сайынғы ерлік, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.
Ол көмір өнеркәсібі Қазақстанның электр энергиясының 80%-ын қамтамасыз ететінін атап өтті.
Салтанатты рәсімде ведомстволық наградалар: І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Шахтер даңқы» төсбелгілері;«Еңбек даңқы» төсбелгілері; «Еңбек ардагері» медальдары табысталды.
Ол үшін Қарағандыға ҚР өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков келді.
Кеншілер мен тау-кен ардагерлерін Qarmet компаниясының басшылығы құттықтады.
– Бұл күні баршаңызға зор денсаулық, жаңа жеңістер тілеймін. Осы жылдың басында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Qarmet» АҚ-ға тиесілі барлық сегіз шахтаның жұмысын қалпына келтіруді тапсырды. Бұл тапсырма орындалды деп мақтанышпен айта аламыз. Барлық сегіз шахта жұмыс істейді және бұл сіздердің әрқайсыңыздың еңбегіңіз, – деп атап өтті Qarmet Директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев. – Біздің жұмысымыздың маңызды аспектілерінің бірі әрқашан қауіпсіздік болды және болып қала береді. Біз тәуекелдерді азайту және әрқайсыңызға қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету үшін бар күшімізді саламыз.
«Құрмет» орденінің иегері атанған «Саран» шахтасының директоры Сергей Бамиллер марапатты бүкіл ұжымның еңбегі деп санайды. Ол өзінің 40 жылдан астам өмірін тау-кен жұмыстарына арнаған, қарапайым тау-кен жұмысшысынан басшыға дейін мансап сатысын жүріп өткен.
– Шахтерлердің еңбегіне көп көңіл бөлінетініне өте ризамын. Президент өз таңдауын жасап, аймақтың көмір өнеркәсібін отандық инвесторға берді. Біз өнеркәсіпті жандандыруымыз керек. Қарағанды бассейнінің шахталары әрдайым танымал болды, барлық жерде құрметке ие. Осындай ерекше марапат үшін рақмет! – дейді Сергей Бамиллер.
Сонымен қатар, Qarmet компаниясы өндіріс озаттарын бағалы сыйлықтармен марапаттады.
11 қызметкер жеңіл автокөліктерге ие болды.
Марапаттау рәсімі мерекелік концертпен жалғасты.
Кеншілер алдында жергілікті ұжымдар мен шақырылған қонақтар:
ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Абдуллин, Ресейдің Халық әртісі Игорь Николаев өнер көрсетті.
Кеншілер күні дәстүрлі түрде жаздың соңғы жексенбісінде, биыл 25 тамызда атап өтіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *