Жерлесіміз — чемпион

Қазақстан командасы қарсыластарынан оныншы рет басым түсіп, ММА бойынша Азия чемпионатында бірінші орынды иеленді. Алтын медаль жеңіп алған қарағандылық Серікбай Мадияр ұлттық құраманың жеңісіне өз үлесін қосты.
IMMAF қамқорлығымен ММА аралас жекпе-жектен Азия чемпионаты Пәкістанда, Лахор қаласында өтті. Оған 12 елдің спортшылары қатысты.
ҚР Ұлттық құрамасына 38 жауынгер кірді. Отандық спортшылар «жастар» (18-20 жас) және «ересектер» (21+) жас санаттарында үздік атанды. Қазақстандық спортшылар мұндай жетістікке қатарынан 10-шы рет қол жеткізіп отыр. Ұлттық құрама қоржынында 7 алтын, 9 күміс және 10 қола жүлде бар.
Бірінші болып Қарағанды облысының атынан қатысқан Серікбай Мадияр алтын медаль жеңіп алды. Ол «жастар» дивизионында 61,2 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *