Маусымға дайындық

Қарағанды облысы алдағы жылыту маусымына дайындығын жалғастыруда.
Өңір әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Абай қаласын, Топар кентін және Топар жылыжайларын жылумен және электрмен қамтамасыз ететін Топар МАЭС аралады.
Станция жабдықтары 90% дайын.
Екі қазандықтың күрделі жөндеулері және үш қазандық пен турбоагрегаттың ағымдағы жөндеулері орындалды.
– Дайындық – 90 %. Мәселелер жұмыс тәртібімен шешілуде, шұғыл мәселелер жоқ, – деді «МАЭС Топар» ЖШС операциялық директорының м.а. Андрей Соловьев. – Қазір №9 қазандық пен №7 турбина күрделі жөндеуден өтуде, ағымдағы жөндеуде №8 қазандық пен №5 турбина. Абайдың жылу желісі гидравликалық сынақтарға толтырылады.
Облыс әкімі станцияның жұмысын қарап шығып, басшылыққа тұрғындардың үйлеріне уақытылы жылу беру үшін кестеден шықпауды тапсырды.
Биылғы жылы Абайда 3,3 км жылумен жабдықтау құбыры ауыстырылды. МАЭС-тен Абайға дейін магистральдық құбырдың 10 км оқшаулау жүргізіледі. 1 км құбырды жөндеу ғана қалды. Топарда үш магистральдық учаскедегі жұмыстар аяқталуда. Келесі жылы шамамен 2 км желіні ауыстыру қалады.
Абай ауданының ТКШ басшысы Дмитрий Терешиннің айтуынша, барлық жұмыстар 15 қыркүйекке дейін аяқталады. Аудан жалпы жылыту маусымына 90% дайын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *