Жолдау — ел өркендеуінің негізі

2 қыркүйек күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын тыңдадық. Мемлекет басшысы азаматтардың тұрмысын жақсартуды көздейтін жүйелі экономикалық өзгерістерге баса назар аударып отыр.

Жолдауда көптеген бастамалар, ұсыныстар, тапсырмалар бар, шағын және орта бизнесті қолдауға арналған шараларын оңтайландыру, ауыл шаруашылығы өнеркәсібі үшін қолжетімді несие беру, көлік инфрақұрылымын жаңғырту, білікті мамандар даярлау деген сияқты басымдықтарды айрықша атап өтуге болады. Президент жолдауының басым бөлігі халықты әлеуметтік қолдау саласына арналды.

Сонымен қатар келесі жылды «Жұмысшы мамандар жылы» деп жариялауы да халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған жақсы қадам деуге негіз бар. Сол орайда Президент елдің кадрлық әлеуетін біртіндеп арттыру бойынша үлкен міндеттер қойып отыр. Қазір жахандық геосаяси ахуал күрделі болып тұрған жағдайда әлемде, Қазақстанда түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Осынау алмағайып кезеңде мемлекетіміз дамудың жаңа бағдарын айқындап беріп отыр. Президентіміздің Жолдауында көтерілген бастамалар мен міндеттердің орындалуына нақты мүмкіндіктер бар екендігіне сенімдіміз.

Сәндібек Үрістемов,

Қарағанды облысы, Шахтинск

қаласының мәдениет, тілдерді

дамыту, дене шынықтыру және

спорт бөлімінің «Бастау» оқу-әдістемелік орталығының

директоры

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *