Ұландықдар шетел азаматының қызын табуға көмектесті

      Ұландықтар V дүниежүзілік Көшпенділер ойынын көруге келіп, қызын жоғалтқан түрік азаматына көмектесті. Ағымдағы жылдың 8 қыркүйек күні сағат 16:30 шамасында Астана қаласындағы Этноауыл қалашығында орын алған болатын. Этноауыл аймағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген 5451 әскери бөлімінің қызметкерлері жылап тұрған кішкентай қызды байқан қалған болатын. Әскери бөлім қызметкерлері дереу, қыздың ата-анасын іздеу жұмыстарын  ұйымдастырып қыз баланың әкесін табады. Кішкентай қыздың сөзін тыңдап әкесі екеніне көз жеткізген соң, қызды әкесіне табыстайды.

Айта кетер жайт, 8-13 қыркүйек арасында Астана қаласында өтіп жатқан V Көшпенділер ойнында 6000ға жуық күш құрылымдары жұмылдырылуда. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерден 1000 ға жуық ұландық Астана қаласына жіберілген болатын.

ҚР ҰҰ «Орталық» ӨңҚ баспасөз қызметі

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *