Новгород өкілдері Қарағандыда

Новгород облысы Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытып отыр. Қарағанды облысына Новгород облысы губернаторының бірінші орынбасары Евгений Богданов бастаған делегация келді. Өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаевпен кездесуде сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимыл мүмкіндіктері талқыланды.

Евгений Богдановтың айтуынша, делегацияға трансформаторлар, мұнай-газ өнеркәсібіне арналған жабдықтар, шыныдан жасалған өнімдер шығаратын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтін компаниялардың өкілдері кірді.

– Біз үшін өңірлер деңгейіндегі ынтымақтастық маңызды. Қарағанды облысы – ірі өнеркәсіптік өңір. Новгород облысының экономика құрылымында өңдеу өнеркәсібі басым, сондықтан біз сіздердің тәжірибелерңізге қызығушылық танытамыз, – деп атап өтті Евгений Богданов.

Ол сондай-ақ білім беру саласындағы ынтымақтастықтың әлеуеті зор деп санайды. Делегация құрамында Новгород мемлекеттік университетінің ректоры келді.

– Біз әрқашан өзара тиімді ынтымақтастыққа дайынбыз. Өзара әрекеттесу нүктелерін табуға болады, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *