Соңғы сауалнама халықтың 60 пайызы АЭС-ті қолдайтынын көрсетті — Алуа Жолдыбалина

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» Ұлттық сараптамалық алаңында «Қазақстан және бейбіт атом: жаңа мүмкіндіктер мен даму басымдықтары» тақырыбында отырыс өтті.

Іс-шара ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты мен ҚР Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының бірлескен бастамасымен ұйымдастырылды.

Іс-шараға ядролық физика, ядролық технологиялар қауіпсіздігі, атом энергетикасы және өнеркәсіп саласындағы жетекші қазақстандық ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Жиын барысында энергетикадағы инновациялар, атом технологиялары және атом энергетикасының қауіпсіздік мәселелері, әлемдегі атом энергетикасының дамуы сынды тақырыптар талқыланды.

АЭС
Фото: Energo University

— «Неліктен референдум өткізу маңызды» деген сұрақтар туындап тұрады. Шетелдік тәжірибеге назар аударсақ, ең жиі референдум өтетін мемлекеттердің бірі — Швейцария. 200 жыл ішінде 149 рет референдум өткен. Таяу Шығыста 93 рет, Азияда 30-ға жуық референдум болған. Яғни, бүгінде көптеген мемлекеттерде бір жағынан үкіметке өзінің қоғамдық мандатын алуға, екінші жағынан халықты саяси процесске белсенді қатыстыруға мүмкіндік беретін құрал ретінде референдум қолданылады. Ал еліміздің тарихында 4-ші референдум болады, — деді ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина.

Сондай-ақ, ҚСЗИ өкілі АЭС тақырыбында жүргізілген сауалнамалардың нәтижелерімен бөлісті.

— Бірнеше әлеуметтік сауалнамалардың деректері көрсеткендей, АЭС құрылысын қолдайтындар көбейіп келеді. Мәселен, ҚСЗИ тапсырысы бойынша жүргізілген сауалнамаға сәйкес сұраққа жауап бергендердің көпшілігі (53,1%) Қазақстанда АЭС салу идеясын қолдайды. Атом электр станцияларын салу идеясын қолдаушылар оған үлкен үміт артады, соның ішінде 2030 жылға қарай электр энергиясының тапшылығы мәселесін шешетіне сенімді. Содан кейін Қоғамдық саясат институты жүргізген сауалнама 59,3% деңгейінде қолдау бар екенін көрсетті. Ең соңғы «Социс А» сауалнамасы «Қазақстанда атом электр станциясының құрылысымен келісесіз бе?» сұрағына 60,4% оң жауап бергені байқалады, — Алуа Жолдыбалина.

АЭС талқыланды
Фото: Energo University

Соңғы сауалнама халықтың 60 пайызы АЭС-ті қолдайтынын көрсетті — Алуа Жолдыбалина (inform.kz)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *