Облыста қысқа дайындық жүріп жатыр. Алдағы жылу беру маусымына қалалар мен аудандардың қаншалықты дайын? 2021 жылы қыста жылусыз қалған теміртаулықтар мен былтыр желтоқсанда Балқаш қаласында жылу құбырларындағы апат салдарынан осы кепті киген 40-тан астам үйдің тұрғындары алаңдаулы.
«Kazakhmys Energy» компаниясының бас директоры Темірлан Өтегенов Топар ГРЭС және Балқаш ЖЭО жөндеу жұмыстары туралы облыс әкімдігінде өткен жиында айтып берді.
– №5, 11 қазандықтарды күрделі жөндеу, №1, 2, 6 қазандықты ағымдағы жөндеу аяқталды. Қазіргі уақытта 9-шы қазандыққа күрделі жөндеу және 8-ші қазандыққа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. №7 турбинаны жөндеу және №3 турбинаны жаңғырту жалғасуда. Графиктер жүйелік оператормен келісілген. Біз жылыту маусымына 100% дайын боламыз, – деді ол.
Балқаш ЖЭО-да барлық жұмыс аяқталған. №6 турбина қалды, оның жөндеу 15 күннен кейін жөндеу аяқталады.
Теміртаудың жылу жүйелеріндегі апатты жағдайлар өткен жылу маусымында 30%-ға төмендеп кеткен болатын. Мұнда да жөндеу жұмыстары жалғасуда. Металургтер қаласын жылумен жабдықтау 1-ҚарГРЭС және 2-ЖЭО еншісінде.
КарГРЭС-1 директоры Сергей Кривов:
– Бүгіннен бастап станция кесте бойынша нөлде тұр. Біз түтін құбырын, жалпы бу құбырын диагностикалаймыз. Қоймада 50 мың тонна көмір, 80 тонна мазут бар. Қазан айынан бастап әлеуметтік мазут сатып алынады, – дейді.
Атқарылған жұмыстар туралы ЖЭО-2 директоры Виталий Шульжик №1 қазандықты жөндеу тек 15 желтоқсанда аяқталады дегенді айтады. №4 турбогенератор роторына жоспардан тыс авариялық жөндеу жүргізілуде. №7 қазандықты бастапқы толтыру жоспарлануда. Шатырдағы апаттық плиталарды ауыстыру қажет.
Ермағанбет Бөлекпаев Теміртау әкіміне, ҚарГРЭС-1 және ЖЭО-2 ТКШ энергия қадағалау мен басқармасына ерекше бақылауға алуды тапсырды. «Тұрақты мониторинг пен апта сайынғы тексерулер қажет», деп атап өтті өңір басшысы.
Биыл Қарағандыда үшінші жылу магистралін іске қосу жоспарлануда. Жалпы ұзындығы 22 шақырымдық құбыр Оңтүстік-Шығыстағы жаңа ғимараттарды, көпқабатты тұрғынүйлерді жылумен қамтамасыз етіп, қолданыстағы желілердің жүктемесін төмендетуі тиіс. Қарағандыда соңғы 30 жыл ішінде мұндай жоба болған емес. Жылу магистралінің төрт сорғысы бар, қазіргі таңда барлық қажетті жабдық орнатылған.
Қарағанды ЖЭО-1 және ЖЭО-3-те көмір қоры қалыптасты. Кесте бойынша қазандықтар мен турбиналарда жөндеу жұмыстары жалғасуда.
– Үшінші жылу шығару бойынша жұмыс екі кезеңге бөлінді. Бірінші кезең бойынша орындау 98% құрайды. Қысылғаннан кейін оқшаулау мен абаттандырудың соңғы кезеңі қалады. Екінші кезең бойынша – 97%. Қысым жүргізілді, ескертулер жоқ. Жылыту маусымына дайын боламыз, – деп сендірді «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС Бас директоры Флюр Гарипов.
Шахтинск ЖЭО облыс әкімінің тұрақты бақылауында. Мұнда турбиналарды жөндеу жұмыстары жалғасуда. Бірінші қазандықта гидравликалық сынақтар аяқталды. Келесі аптада мердігер төртінші қазандықта қысым жүргізіле бастайды.
Үшінші қазандыққа жүргізілуде. Барлық қажетті материал бар, қосымша жұмысшылар штаты жиналды, деп хабарлады «Шахтинсктеплоэнерго» директоры Абылай Сейдуәлі. Станцияда көмір қоры да бар. Шахандағы қазандық жылу мен желілер 100% дайын.
Өңірдің барлық қаласы мен аудандарында жылумен жабдықтау желілерінде гидравликалық сынақтар жалғасуда. Анықталған ақаулар жедел жойылады.
Биылғы жылы заңнамаға жаңа өзгерістер енгізілген. 9 қыркүйектен бастап дайындық паспортын алмағаны үшін айыппұл 6 млн. теңгені, отынның нормативтік емес қорларын сақтамағаны үшін айыппұл – 4 млн теңгені құрайды. Тікелей станция басшылығына жылыту маусымы кезеңінде техникалық пайдалану ережелерін бұзғаны үшін 2-3 млн теңге айыппұл салынады.
– Акционерлер мен станция басшылары барлық жауапкершілікті түсінуі керек. Әкімшілік жауапкершіліктен басқа моральдық және қылмыстық жауапкершілік те бар. Өз жұмысыңызға адал болыңыз. Қыс мезгілінде біз қалыпты жүруіміз керек, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.
Аязы қатты, бораны бет қаратпайтын аймақтың жылу маусымы қазан айында басталып кететіні бар. «Негізі, биыл басқа жылдарға қарағанда жылу уақытында беріледі, апаттық жағдай болмайды», дейді шенділер.
Өйткені биылғы жөндеу науқанына бөлінген қаржы көлемі айтарлық ұлғайып, барлық қаржыландыру көзінен 118,8 миллиард теңге жұмсалды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 24 млрд теңгеге артық.
Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ