1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Мейірім мен ізгілікке толы қарттар мерекесінде Шахтинск қалалық қазынашылық басқармасының ұжымы алдыңғы буын әріптестерін, ерен еңбек үлгісін көрсеткен ардақты ардагерлерін осы бір құрмет пен даналық мерекесімен шын жүректен құттықтайды, олардың жүріп өткен еңбек жолы кейінгі буынға үлгі-өнегеге толы. Ардақты ардагерлеріміздің қазынашылық жүйесінің қалыптасуына, дамуына қосқан үлесі ерекше. Биыл қазынашылық жүйесі үшін айтулы жыл, қаңтар айында Қазынашылықтың 30 жылдық мерейтойы атап өтілді, ал Шахтинск қалалық қазынашылық басқармасы 1998 жылдың 7 қаңтарында құрылып жұмысын бастады, сол уақыттан бастап, құрметті демалысқа шыққанша осы мекемені білікті де тәжірибелі басшы Светлана Павловна Доценко басқарды.
Светлана Павловна еңбек жолын КСРО-ның мемлекеттік банкінің Шахтинск қалалық бөлімшесінің бухгалтері қызметінен бастап, осы мекеменің аға бухгалтері, операторы, экономисі, аға экономисі және бас бухгалтері лауазымдарында қызмет атқарды, 1988-1991 жылдары Өндірісқұрылыс банкінің Шахтинск қалалық бөлімшесінің бас бухгалтері, 1991-1992 жылдары Тұранбанкінің бөлімшесінде бас бухгалтері болып қызмет атқарды, 1992-1996 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің Шахтинск қалалық кассалық есеп айырысу орталығының бастығы қызметін атқарды. 1996 жылы Бюджеттік банк құрылып, Светлана Павловна Доценко Шахтинск қаласының бөлімшесінің бастығы болып тағайындалды. 1998 жылдың қаңтарынан бастап жаңадан құрылған Шахтинск қалалық қазынашылық басқармасының бастығы болып тағайындалып, мекеменің қалыптасуына, жалпы қазынашылық жүйесінің дамуына айтарлықтай үлес қосып, еңбек етті. Светлана Павловна қызмет атқарған жылдары Қазынашылық жүйесін модернизациялау үрдісі жүріп жатты, қазынашылық жүйесі автоматтандырылды, 2001 жылдан бастап Oracle бағдарламалық жүйесі енгізілді, 2004 жылдан бастап Қазынашылықтың интеграцияланған ақпараттық жүйесіне Қазақстаннның барлық өңірінің бюджеттері еңгізілді. Осындай жаңашылықтарды қуана қарсы алып, жергілікті басқару органдарымен етене жұмыс жасап үлкен шаруалар атқарды. Шахтинск қаласының бюджетін қадағалап қол астындағы қызметкерлеріне де үлгі бола білген Доценко Светлана Павловна 2008 жылы құрметті демалысы зейнетке шықты, еңбек еткен жылдары Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай Құрмет грамотасымен, Қазынашылық комитетінің, Қарағанды облысы бойынша қазынашылық департаментінің құрмет грамоталарымен, сондай-ақ Шахтинск қаласының әкімінің алғысхаттарымен марапатталды. 2021 жылы Қазақстан «Респуликасы Қаржы министрлігіне – 100 жыл» мерейтойлық медальмен марапатталды.
Шахтинск қалалық қазынашылық басқармасын 2008-2017 жылдар аралығында басқарған ардагер қазынашы, Сансызбай Зейнетоллинович Есімов басшылық қызметте өзін жоғары білікті, тәжірибелі басшы ретінде көрсете білді. Еңбек жолын 1983 жылы КСРО мемлекеттік банкінің Қарағанды қаласының оңтүстік-шығыс бөлімшесінің экономисі қызметінен бастап, 1988-1994 жылдары КСРО Агроөнеркәсіп банкінің Қарағанды қаласының оңтүстік-шығыс бөлімшесінде экономист, аға экономист, несие бөлімінің басшысы лауазымдарында қызмет атқарады. 1994-1996 жылдары Қазақстан Ұлттық банкінің Саран қаласының кассалық есеп айырысу бөлімшесінің бастығы, 1996-1998 жылдары Бюджеттік банкінің Саран қалалық басқармасының бастығы, 1998 -2008 жылдар аралығында Саран қалалық қазынашылық басқармасының бастығы қызметін атқарып 2008 жылдың желтоқсанынан бастап, 2017 жылы зейнет демалысына шыққанша Шахтинск қалалық қазынашылық басқармасының басшысы болып қызмет атқарды. Сансызбай Зейнетоллинович тәжірибесі мол басшы, білікті қаржыгер ретінде танылды. Қазынашылық жүйесінің құрылуынан бастау алған реформаларды енгізуді ары қарай жалғастырды. 2008 жылдан бастап бюджетті атқару үрдісінде қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында Қазынашылы-Клиент ақпараттық жүйесі іске қосылды, аталған ақпараттық жүйе мемлекеттік мекемелерге қашықтықтан қызмет көрсетуге мүмкіндік берді. 2012 жылдан бастап Қазынашылық-Клиент бағдарламасы арқылы мемлекеттік мекемелермен электронды құжат айналым жүйесі еңгізіле басталды, электронды құжат айналым жүйесі қызмет көрсету уақытын айтарлықтай қысқартты. Осы Ақпараттық жүйелерді Шахтинск қаласында сапалы енгізілуін қадағалап, жергілікті мемлекеттік мекемелермен етене жұмыс істеп, оқыту семинарларын өткізіп үлкен жұмыс атқарды. Атқарған қызметі бағаланып Қаржы министрлігінің, Қазынашылық комитетінің, Қарағанды облысы бойынша қазынашылық департаментінің құрмет грамоталарымен, сондай-ақ Шахтинск қаласының әкімінің алғысхаттарымен марапатталды.
Светлана Павловна Доценко, Сансызбай Зейнетоллинович Есімовпен қатар қазынашылық жүйесінің қалыптасуына, дамуына үлкен үлестерін қосқан, көп жылдар бойы талмай еңбек еткен қадірлі ардагерлеріміз, Елена Геннадьевна Швидконы, Ольга Яковлевна Бульбинаны, Людмила Анатольевна Дорофееваны да шын жүректен құрметті мерекелерімен құттықтай отырып, зор денсаулық, қажымас қайрат және ұзақ, баянды ғұмыр тілейміз!
Талғат МЕКЕЙ,
Шахтинск қалалық қазынашылық басқармасының басшысының орынбасары