Бүгін Қазақстанда өте маңызды күн

Қарағанды қаласындағы референдум өтіп жатқан №805 участокке халық көп келуде. Солардың бірі облыстық  Азаматтық альянсы мүшесі Серік Санаубаев келіп өз дауысын берді. Жалпы осы референдум туралы Серік Мәлібекұлынан сұраған едік.

– Бүгін Қазақстанда өте маңызды күн. Референдум өтіп жатыр. Отандастарымыздың бәрі сайлау учаскелеріне барып дауыс беруде.

Менің ойымша Қазақстанда осындай ең ірі жобаларды жүзеге асыру бойынша алғашқы референдум. Сондықтан маңызды.

Әрине мен өзімнің конституциялық құқығымды пайдаланып, сайлау учаскеме келіп дауыс бердім. Біздің еліміздің болашағы үшін, ертеңі үшін  өз тандауымды жасадым. Бұл референдум әрбір қазақстандықтың саяси мәдениетін, жауапкершілігін, билікке деген сенімін арттырады, – деді Серік Мәлібекұлы.

Сонымен қатар Серік Санаубаев рефендум өтіп жатқан №805 участок жұмысына тоқталып өтті.

– Мен дауыс берген учаскенің жұмысы жақсы жолға қойылған екен. Кіргеннен күтіп алып, өте мәдениетті түрде түсіндіріп қана қоймай ыждахатыллықпен дауыс бергеннен кейін шығарып салуда. Жалпы участоктың жұмысы маған өте ұнады, – дейді ол.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *